Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина. Ол 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы Афшана қыстағында тәжіктің отбасында дүниеге келген. Бұл тұста Бұқар Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Әбу Әлиді бес жасында Бұқардағы мектепке оқуға береді. Әбу Әли он жасында құранды түгел жатқа айтатын болады, грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқарға белгілі философ Натилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары бойынша дәріс (сабақ) алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып-үйренуге кіріседі.
Ол, әсіресе, медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей-ақ білгін, зерделі оқымысты атанады.
Он сегіз жасында Әбу Әли Аристотельдің данышпандық мұраларын игеруге кіріседі.
Хорезмнің саяси жағдайы, Махмұд Ғазнауидің озбырлықтары Әбу Әлиді Хорезмнен де кетуге мәжбүр етеді. Тарихшылардың айтуынша, Әбу Әли өзінің ғылыми-философиялық трактаттарының басым көпшілігін осы кезеңде жазған. Олар – «Медицина негіздері», «Сауығу кітабы» т.б.
«Сауығу кітабында»философиялық системасы мен ғылым салалары баяндалады. Бұл энциклопедиялық еңбектің 8 бөлігі жаратылыстану мәселелеріне аранлған. Мұнда сол кездегі физика, химия, биология, геология және басқа ғылымдар баяндалады. Кітаптың 5 бөлімі математикалық ғылымдарға арналған. Мұнда арифметика, геометрия, астрономия, музыка және басқа да дәл ғылымдар жөнінде толық мағлұмат беріледі. Сонан кейін логика, философия, этика, саясат және т.б. мәселелер сөз болады. Әбу Әли ғылымның барлық тауарларын ой таразысына, парасат – білім сарабына сала келіп, бүкіл ғылымды дербес үш салаға бөледі: бірінші – төменгі ғылым, бұған жаратылыстану ғылымдары жатады, екінші – орта ғылым, бұған математикалық ғылымдар жатады, үшінші – жоғары немесе бірінші ғылым, бұған метафизика, теология жатады.
Әбу Әли Шығыста ақын, жазушы, лингвист ретінде кеңінен мағлұм. Ол парсы тілінде көптеген рубаяттар қалдырған. Әбу Әли өлеңмен медициналық дастан жазған.
Әбу Әли 1037 жылы 57 жасында Хамаданда қайтыс болады. Тарихшылардың айтуынша, ол өлер шағында өзіне ем қонбайтынын біліп, дәрі-дәрмек ішуден бас тартқан, өлімге қарсы әрекет жасамаған, дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге үлестіріп берген. Жан тапсырар сәтте: «Біз өлерде барлық біліп кететініміз – өткен өмірде ештеңе білмегендігіміз ғана», - деген екен
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру