Ержан Омарханов

 Ержан Омарханов

Ержан Омарханов Семей қаласының тумасы. Ержан төрт баласы бар үлкен жанұяның отағасы. Кәсіпкерлікпен айналысады және оған қоса балаларды грек-рим күресінен жаттықтырады.

2018 жылы Ержан өмірі түбегейлі өзгерді. Ол жанып жатқан автобустан 48 адамды құтқарып (олардың ішінде 12 бала болды) батырлық жасады. Тамыз айында "Семей - Новосибирск" рейсі 48 адам өмірін қиып кете жаздады. Бұл автобустың жолаушылары салонда өздерімен бірге Ержан Омархановтың келе жатқаны арқасында тірі қалды. Автобустағы түтінді дер кезінде байқаған ол бұл туралы жүргізушіге хабарлады. Алайда жүргізуші оған мән бермей, автобусты тым кеш тоқтатты. Ержанның автобус есігін мындырып ашуына тура келді. Жалын тез арада күшіне еніп, автобус ішіндегі кейбір жолаушылар иіс тиіп, естерінен танып қалды. Ең алдымен Ержан балаларды құтқара бастады. Өрт сөндірушілер өрт басталғаннан кейін 10 минуттан соң ғана келді. Бұл кезде Ержан барлық жолаушыны тысқа шығарып үлгерген еді. Айта кету керек, өрт кезінде барлық жолаушылар ұйықтап қалған. Өрт кезінде көптеген адамдар құжаттар мен ақшаларды жоғалтты. Алайда Ержанның батырлығы арқасында адам шығыны болған жоқ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру