Renzo тобы
«Renzo» – 2015 жылдың соңында құрылған қазақстандық бойз-бенд. Топ Жанболат Ертаев, Есет Жарылқасымов, Ержан Жүнісов және Асқар Ахмет есімді талантты жігіттерден құралған. «Renzo» деген сөз жапон тілінен «үшінші бала» деп аударылады. Топ продюсері Алуа Қонарова мұның алдында «Ringo» және «Ayumi» жобаларын жарыққа шығарғанын ескерсек, «Renzo» расымен де «үшінші бала» болып тұр.
Енді топ мүшелерін жеке-жеке таныстырайық. Асқар Ахмет Шымкент қаласында дүниеге келген. Бос уақытында суда жүзгенді, бокстасқанды ұнатады. Көзі қарақты көрермен Асқардың «Ринго» тобында өнер көрсеткен әнші Батыр Байназаровтың інісі екенін білетін болар.
Ал, Жанболат Ертаев – Семей қаласының тумасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Каратэ, жеңіл атлетикамен айналысады және бидің барлық түрлерін ерекше жақсы көреді. Сондықтан болар, бойз-бендтің хореографиясы – осы жігіттің мойнында. Осы ретте Жанболаттың республикалық «Биле, Қазақстан» жобасында бірінші орын алғанын айта кету керек.
Алматылық Есет Жарылкасынов та Т.Жүргенов атындағы академияны бітірген. Ол бос уақытында ушу-саньда және бокспен айналысқанды ұнатады. «Рензоның» стилін осы Есет қадағалайды. Топтың кенжесі Ержан Жүнісов Алматы қаласында дүниеге келген . Ол – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенті.
«Renzo» алғаш құрылған кезде продюсер Алуа Қонарова «топтың музыкасы, хореографиясы және стилінде жаңа бағыттарға басымдық береміз. Бұл басқаларға ұқсамайтын жаңа команда болғалы тұр. Әзірше жігіттер ән айтып, билеп, үлкен сахнаға шығуға дайындалсын. Топты көрерменге көктемге қарай таныстырамын» деп жазған болатын.
Шынымен де, бойз-бендтің алғашқы бейнебаяны көп күттіріп, 2016 жылдың мамырында жарық көрді. « Bounce» атты әнге түсірілген бұл бейнебаянды тыңдармандар, әсіресе, жас қыздар өте жылы қабылдады. Қазірге дейін «Bounce» 3 миллион 500 мыңнан астам қаралым жинаған. Ал топтың «Qara» әніне түсірілген екінші бейнебаяны 2017 жылдың көктемінде көрермен назарына ұсынылды. Бұл бейнебаян да елеусіз қалған жоқ. Қазірге дейін ол 2 миллион 500 мың рет қаралған.
Шамамен бірдей уақытта сахнаға шыққандықтан болар, әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Қай топ күштірек? «Renzo» ма, әлде «91» ме?» деген тақырып жиі талқыланады. Жанкүйерлер желіде сөз таластырып жатқанымен, екі топ мүшелері бір-бірлеріне құрметпен қарайды.
«Рензоның» репетуарында жоғарыда аталғандардан бөлек, «Алысқа», «Кездесу», «Кешір», «Өзім білемін», «Болшы жанымда» әндері бар. Топ мүшелері «Youtube» желісінде өздерінің ресми парақшасын жүргізеді. Онда төрттіктің дайындық сәтінен көріністері, демалыс уақыты, жанкүйерлермен кездесуі, концерттерде өнер көрсеткен сәттері жүктелген. Айтпақшы, бойз-бендтің жанкүйерлерінің басым көпшілігі – жасөспірім қыздар. Олар өздерін «рензики» деп атайды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Renzo тобы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Renzo тобы өмірі мен шығармашылығы, Renzo тобы биография омирбаяны акпарат малимет, Renzo тобы биография на казахском языке, Renzo тобы