file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғалымжан Әлеуханов

 Ғалымжан Әлеуханов

Ғалымжан Әлеуханов – әскери қызметкер

Ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов – 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметкері. Ғалымжан өртке оранған пәтерден екі баланы алып шыққан қайсар жан. Бірде жауынгерлік кезекшіліктен шығып, үйіне бет алған ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен шыққан будақтаған түтін мен отты көріп қалады. Дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру сатысымен үйдің шатырына шығып, шатыр қаптамасын жұлып алып, подьезге кіреді. Үйдің есігі ашық болғандықтан ол еш кедергісіз пәтерге енеді. Алдымен айқайлап үйде адам бар ма соны білуге тырысады. Ешкім жауап қатпағаннан кейін, әр бөлмені тінтіп, мұқият қарай бастайды. Түпкі бөлмеден 4-5 жас шамасындағы екі баланың ес-түссіз жатқан жерінен тауып алады. Дереу балаларды сыртқа алып шығады.

–Мен ешқандай ерлік жасаған жоқпын, - дейді Ғалымжан қысылып. – Бұл әр азаматтың парызы. Мейлі әскери, мейлі қарапайым азамат болса да кез-кел адам осылай жасайды деп ойлаймын. Командирлеріме зор алғыс айтамын. Олар бізді шынықтырып, физикалық күйде болуымызды қадағалайды. Бабымда болуым осы жолы да маған көмектесті.


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру