Сәбит Оразбаев Қоңырбайұлы (1936 жылы 29 қаңтар)

 Сәбит Оразбаев Қоңырбайұлы (1936 жылы 29 қаңтар)

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында туған) — актер, театр қайраткері. Қазақ КСР халық артисі (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). Отан, Парасат, Достық және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Сәбит Қоңырбайұлы 1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген.
1955 - 1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.
1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. Олардың үздіктері қатарында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Жантық, Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» Дүрбіт, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Жаяу Мұса, А. Островскийдің «Жазықсыз айыптылардағы» Муров, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Исабек, О. Бодықовтың «Дала тұтқынындағы» Достоевский, Т. Ахтановтың «Антындағы» Әбілхайыр хан, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен теріндегі» Сүйеу, Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігітіндегі» Асан, Д. Исабековтің «Тыныштық күзетшісіндегі» Демесін, Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымындағы» Серебряков, т.б. сияқты біріне-бірі ұқсамайтын кесек кейіпкерлер бар.
Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамытудағы еңбегі үлкен. Бұл кезеңде ол жасаған күрделі бейнелер қатарында А. Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамаз» драма-диалогындағы Әбдінәсім шал, Д. Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуіндегі» Айтөре, Б. Мұқайдың «Өмірзаясындағы» Әли, қырғыз драматургы М. Ғапаровтың «Тұзды шөліндегі» Президент, К. Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентіндегі» Ібіліс, М. Байсеркеновтің «Абылайханның ақырғы күндеріндегі» Бұқар жырау, Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасындағы» Абдулла және қырғыз драматургы Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасындағы басты кейіпкер Қария сынды бір-біріне ұқсамайтын, жан дүние драматизмі күшті кейіпкерлерін жүрегінде заманның дерті бар әлеуметтік тип деңгейіне көтерді.
Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М. Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рольдерінде кезең-кезеңімен жарқырай көрінді.
Марапаттары
Сәбит Қоңырбайұлының ұлттық өнерге сіңірген зор еңбегі бағаланып:
"Қазақ КСРның еңбегі сіңген артисі"
1976 жылы "Қазақ КСРның Халық артисі" құрметті атақтары берілді.
1994 жылы "Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі"
1994 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атанды;
КСРОның «Еңбек Қызыл Ту ордені»
1996 жылы «Парасат ордені» иегері;
2008 жылы ҚР Ең жоғарғы айрықша белгідегі «Отан ордені» иегері атанды.
2016 жылы 80 жылдық мерей тойы қңында ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін І дәрежедегі «Достық ордені» марапатталды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" құрметті белгісінің иегері.
2016 жылғы Қазақстан президеентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру