Еркебұлан Дайыров Мұратұлы (1986 жылы 12 тамыз)

 Еркебұлан Дайыров Мұратұлы (1986 жылы 12 тамыз)

Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — актер. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2015). ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Айдар (реж. Е. Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы: Н.Оразалин, реж. Ә. Рахимов), Т .Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә. Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж. Қ. Сүгірбеков), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Абай (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын (реж. Н. Жақыпбай), Т. Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Қалауын т.б. көптеген бейнелерді сомдайды.
Фильмографиясы
2012-2014 – «Тағдыр» - эпизод
2013 – «Бауыржан Момышұлы» - Бауыржан Момышұлы
2015 – «Жат» - эпизод
2015 – «Шлагбаум» - эпизод
2016 – «Анаға апарар жол» - Мұқан
2016 – «Қазақ елі» - Жәнібек
2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Әбіш
2016 – «Тараз» - Сапар
2018 – «Алтын Орда» - Мұсаб
Марапаттары
2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері атанды.
Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" Орденінің иегері.
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
2017 жылы Қазақстан Кинематографистер Одағының "Жыл таңдауы 2017" сыйлығының "Үздік Ер адам рөлі" (Тараз фильмі) аталымы бойынша марапатталды.
Театр көктемі фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру