Александр Николаевич Подольских

 Александр Николаевич Подольских

Александр Николаевич Подольских – Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы, Қазақ күрі өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.

Оренбург ауыл шаруашылық нститутының түлегі, кейінненКраснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында күндізгі оқу бөлімінде оқыды. 11 жыл бойы ҚазР ҒЗИ іріктеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижесін ұлғайтатын генетика мен селекцияның заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында өзіндік әдісті жасап шығарды. Жаңа әдіс арқасында күріш өсіруде тиімді пайдаланылатын «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары өсірілді.

Александр Подольских – 150 ден астам ғылыми мақаланың және күріш селекциясының жаңа әдістерін шығарудағы патенттердің авторы. Ол жүйелі түрде селекция мәселелерімен айналысады. Күріштің жаңа сорттары: «ҚазНИИР 5», «ҚазНИИР 6» шығарушылардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта А.Н. Подольских жергілікті жағдайларға бейімделген, жоғарғы өнімді, астықтың жоғарғы сапасымен күріштің жаңа сорттарын өсіру бойынша белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Александр Подольскийдің ғылымдағы ұзақ еңбегі – сүйікті ісіне шексіз берілгендігінің үлгісі болып табылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру