Қырымбек Көшербаев (1955 жылы 20 мамыр)

 Қырымбек Көшербаев (1955 жылы 20 мамыр)

Қырымбек Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.
Ол туған кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда болған. Сол себепті жаңа туған нәрестеге Қырымбек деген есім берілген. Әкесі Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарды. Анасы Дәнеш Мамбеталиева мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.
Ал атасы Көшербай Дәрібаев – Қызылорда өңіріне танымал азаматтардың бірі. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, социалистік еңбек ері.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш баланың әкесі. Әйелі – Гүлнар Матаева. Онталап, Еркін есімді ұлдары мен Салтанат атты қызы бар.
Білімі
1978 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша, ал 1991 жылы КОКП орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі
1978-1979 жылдары – Қызылорда қаласындағы "Главриссовхозстрой" ЖМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының басшысы;
1979-1981 жылдары – Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс – Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесі штабының басшысы;
1981-1982 жылдары – Қазақстан ЛКЖО (Лениндік коммунистік жастар одағы) орталық комитеті екпінді құрылыстардағы комсомол ұйымдары секторының меңгерушісі;
1982-1983 жылдары – Қазақстан ЛКЖО орталық комитетінің Алматы қаласы бойынша жауапты ұйымдастырушысы;
1983-1986 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы;
1986-1987 жылдары – Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті Алматы қаласы бойынша комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1987-1988 жылдары – Қазақстан ЛКЖО орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
1988 жылы КОКП орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясына түсіп, 1991 жылы аталған оқу орнын бітірді;
1991 жылы Қазақ ССР президенті аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті болды
1991-1994 жылдары – ҚР премьер-министрі орынбасарының көмекшісі;
1994-1995 жылдары – Алматы қаласындағы Калинин ауданының әкімі;
1995 жылы – ҚР министрлер кабинеті аппараты басшысының орынбасары – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
1995-1996 жылдары – ҚР Үкіметі аппараты басшысының орынбасары – аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі;
1996-1997 жылдары – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі;
1997-1999 жылдары – ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі;
1999 жылы – ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі;
1999-2000 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрі;
2000-2003 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі;
2003-2006 жылдары – Ресей Федерациясы, Финляндия мен Армениядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі;
2006-2011 жылғы желтоқсанға дейін – Маңғыстау облысының әкімі;
2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында - Қазақстан президентінің кеңесшісі;
2012 жылдан – ҚР премьер-министрінің орынбасары;
2013 жылдың 17 қаңтарынан Қызылорда облысының әкімі.
Марапаттары:
2015 жылы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", 2009 жылы ІІ дәрежелі "Барыс", 2003 жылы "Парасат, 2006 жылы "Достық" (РФ) ордендері және медальдарымен марапатталған.
Ғылыми атағы:
Саяси ғылымдар докторы, 50-ден астам ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру