Мусин Шахан Әлімханұлы ( 1913 - 1999 )

 Мусин Шахан Әлімханұлы ( 1913 - 1999 )

Мусин Шахан Әлімханұлы (27 желтоқсан 1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26 желтоқсан 1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966).
Өмірбаяны
1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды.
1931 – 1932 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды.
Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады.
1954 – 1957 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды.
1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды.
Шығармашылығы
Мусин, негізінен, зиялы қауым өкілдерінің сахналық бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Сырым (Әуезов, “Қарагөз”), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев “Абай”), Махамбет (Ғ.Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т.Ахтанов “Сәуле”), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, “Шағын трагедиялары”), Телегин (А.П. Чехов, “Сүйікті менің ағатайым”) рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол сомдаған рөлдердің қатарында Алшағыр, Абыз (Әуезов, “Қарақыпшақ Қобыланды” мен “Еңлік – Кебек”), Қасболат (Ахтанов, “Боран”), Шегір (Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Мұрат (Ә.Тәжібаев, “Майра”), Штурман (К.М. Симонов, “Келер кез”), т.б. бар.
Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937 – 1946; Сібірде, 1948 – 1954) көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
1954 жылдан киноға түсті: Рүстемов (”Бұл Шұғылада болған еді”, 1955), Сапаров (“Біз осында тұрамыз”, 1956), Баймағанбет (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), Профессор (“Ұлан”, 1977), Ректор (“Қосымша саудалар”, 1979), Төле би (“Жазушы асығады”, 1980), т.б. рөлдерде ойнады.
Фильмографиясы
1955 - Бұл Шұғылада болған еді - эпизод
1956 - Мазасыз көктемде - парторг
1956 - Біз осында тұрамыз - Сапаров
1957 - Оның уақыты келеді - Баймағанбет
1959 - Ертістің жабайы жағасында - Мұратов
1959 - Бір түні - Баукенов
1960 - Тыныштық - Нұрғали
1962 - Жол түйісі - эпизод
1966 - Ән қанатында - эпизод
1972 - Ас беру - сал
1975 - Дала гүрсілі - полковник Түнғалиев
1976 - Жануарлар саябағындағы жаз - Жануарлар саябағының директоры
1976 - Медальдің үшінші жағы - Оқтаев
1977 - Ұлан - эпизод
1978 - Қосымша сұрақтар - эпизод
1978 - Аманат - Жүніс Шеров
1979 - Даладағы қуғын - эпизод
1979 - Шешуші шайқас - эпизод
1979 - Күміс мүйізді Алатау - эпизод
1980 - Суыт жортқан жаушылар - Бөгенбай
1980 - Адам төзбес балалар - эпизод
1980 - Ебелек - Хайдаров
1982 - Қош бол, Медеу - эпизод
1982 - Қызыл ағаш үй - эпизод
1983 - Жердегі істер - Атаев
1983 - Кінәсін өтеу - эпизод
1986 - Асуда - эпизод
1987 - Айдай сұлу Айсұлу - кеңесші
1989 - Кек - эпизод
1989 - Сұлтан Бейбарыс - эпизод
1992 - "Отызыншысын" - жою! - мұғалім


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру