Эмир Байғазин Кенжеғазыұлы (1984 жылы)

 Эмир Байғазин Кенжеғазыұлы (1984 жылы)

Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин (1984, Тамды) — қазақстандық актер, сценарийші және кинорежиссер, негізінен авторлық кино және арт-хаус жанрында түсіреді.
Өмірбаяны
Эмир Байғазин 1984 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тамды ауылында дүниеге келген. Бес жасында оның жанұясы Алға қаласына көшіп келеді, осында ол алдымен қазақ мектебінде, кейін орыс мектебінде оқиды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Эмир оқуға Ақтөбеге келеді, бірақ бір жылдан соң оқуын тастап, Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрда (2002-2004 жылдары) актер-студияшы болып жұмысқа орналасады. 20 жасында Байғазин Алматыға Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына театр актері мамандығына оқуға түсу үшін келеді, алайда соңында кинорежиссер мамандығын таңдайды.
Қазақ ұлттық өнер академиясының үшінші курсында Эмир Байғазин 2-минуттық қысқа метражды "Дала" ("Степь") фильмін түсіреді, көріністің жартысы жыныстық қосылудан тұрды. Бұл жұмысы оғаг Кореядағы Азиялық киноакадемияға жолдама әперді. 2007 жылдың қыркүйек айында ол Азия киноакадемиясының (AFA) Пусан халықаралық кинофестивалінің стипендиаты атанды, оның сценарийі бойынша қысқа метражды "Девственники" фильмі түсірілді. 2008 жылы ақпанда Байғазин Германиядағы 58-ші Берлин халықаралық кинофестивалі аясындағы Берлин жас таланттар лагеріне қатысты.
2013 жылғы ақпанда Эмир Байғазин " Асланның сабақтары" (Уроки гармонии / Harmony Lessons) толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің конкурсына қатысқан бірінші қазақстандық режиссер болып дебют жасады. Эмир Байғазиннің қарсыластары қатарында Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон және т. б. болды. Ауыл мектебіндегі бұзақылық/әлімжеттік (дедовщина) туралы фильм 63-ші Берлин кинофестивалі аясында көркем жетістігі үшін "Күміс аю" сыйлығын, Сараеводағы (Босния және Герцеговина) 18 халықаралық кинофестиваліндегі киножобалар нарығындағы бас жүлдені және тағы да ондаған түрлі кинофестивальдерде Гран-при ұтып алды.
2015 жылдың ақпан айында Эмир Байғазин Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты атанды.
2016 жылы 4 новелладан тұратын "Төрт оқиға" (The Wounded Angel (Жаралы періште)) жаңа драмасын шығарды.Бұл картина Германиядағы Funf Seen Filmfest халықаралық фестивалінде "Үздік фильм" жүлдесін, Чеджудегі (Корея) фестивальда қазылар алқасының арнайы жүлдесін, Кошицедегі (Словакия) Art Film Fest ХКФ-нде "Үздік режиссер" жүлдесін және Transformation Film Awards 2017 кинопремиясының "Жас ұрпақтың проблемалары мен армандарына деген назар" номинациясы бойынша (Сочи, Ресей) бас жүлдені жеңіп алды.
2018 жылы "Өзен" (The River) лентасын шығарды. Бұл шалғайдағы ауылдағы бес ағайындының өмірі туралы баяндалатын "Аслан трилогиясының" (алғашқы екі бөлігі "Асланның сабақтары" мен "Төрт оқиға") соңғы бөлімі. Аталмыш туындысымен Байғазин үздік режиссурасы үшін 75-ші Венеция кинофестивалінде "Көкжиектер" бағдарламасының "Алтын арыстан" жүлдесін және Hollywood Foreign Press Association резиденттік грантын ұтып алды].
Фильмографиясы
Күндізгі барлау (орыс. Дневной Дозор) (2005) — жас Темірланның рөлінде.
Қысқа метражды картиналар:
Көңілді әрі ренжігендер (Веселые и обиженные) (2006) — бұл фильмде Эмир Байғазин сценарий авторы, режиссер және оператор ретінде қатысып, "Дидар" студенттік кинофестивалінің үздік режиссура жүлдесін жеңіп алды. Фильм сондай-ақ студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты.
Дала (Степь) (2007). Сценарий авторы, режиссері әрі операторы: Эмир Байғазин. Фильм студенттік бағдарлама аясында "Шәкен жұлдыздары" (2007) мен "Дебошир" (Санкт-Петербург, 2007) кинофестивальдарына қатысты.
Девственники (2007). Сценарий авторы және режиссері (бес режиссердің бірі): Эмир Байғазин.
Весогонщик (2008). Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин. Фильм қазақстандық студенттік "Дидар" кинофестивалінің (2008) бас жүлдесін және Алматыдағы ХКФ "Шәкен Жұлдыздарының" арнайы сыйлығын алды.
Толық метражды картиналар:
Алматы силуэттері (Силуэты Алматы) (2009) — фильм продюсері.
Асланның сабақтары (2013) . Сценарий авторы және режиссері: Эмир Байғазин.
Төрт оқиға (2016). Сценарий авторы, режиссер, монтаждаушы: Эмир Байғазин.
Өзен (2018). Продюсер, сценарий авторы, режиссер, қоюшы-оператор, монтаждаушы: Эмир Байғазин.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру