Эмир Байғазин Кенжеғазыұлы (1984 жылы)

Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин (1984, Тамды) — қазақстандық актер, сценарийші және кинорежиссер, негізінен авторлық кино және арт-хаус жанрында түсіреді.
Өмірбаяны
Эмир Байғазин 1984 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тамды ауылында дүниеге келген. Бес жасында оның жанұясы Алға қаласына көшіп келеді, осында ол алдымен қазақ мектебінде, кейін орыс мектебінде оқиды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Эмир оқуға Ақтөбеге келеді, бірақ бір жылдан соң оқуын тастап, Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрда (2002-2004 жылдары) актер-студияшы болып жұмысқа орналасады. 20 жасында Байғазин Алматыға Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына театр актері мамандығына оқуға түсу үшін келеді, алайда соңында кинорежиссер мамандығын таңдайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық