Баян Нұрмышева (1982жылы)

 Баян Нұрмышева (1982жылы)

«Қазақтың ән базарында сыры мен мұңын қатар өріп «өзіне шақ аспанымен» ешкімді кимелемей, ешкімді кейітпей қазақы иба мен инабатын гитара шанағынан шымырлата бейнелей білген замандасымыз жүр. Ибасы қайдан десеңіз, ән-әліппесін дәстүрлі әнмен ашқан еді. Инабаты қайдан десеңіз, Көкшедегі қазақы ауылда туып еді. Осы ән өнерінің қыр-сырын жүрдім-бардым емес, арнайы оқыды. Өзіне кәсіп етті. Шеберлігін шыңдады, өнерпаздық нәсіп болды. Табиғатына сай әндерді дөп басып таңдай білді, тыңдаушысы тамсанды. Енді жан тебіренісін өзінше бейнелеп, әндер шығара бастады, онысы жүректерге жол тапты»,- деп жазыпты біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы әнші Бекболат Тілеухан.
ҮШ ЖАСЫМДА ДОМБЫРАМЕН, БЕС ЖАСЫМДА ГИТАРАМЕН ӘН САЛДЫМ
Парламент Мәжілісі депутатының бұл лебізі оның бір кездегі шәкірті, бүгінде қалың қазақты әнімен қоса гитара сазына бөлеген әнші-сазгер Баян Нұрмышева туралы. Ол 1982 жылы дүниеге келген. Баян қазір ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің әншісі, осы ансамбльде 9 жылдан бері жұмыс істейтін әнші ақын Күләш Ахметованың сөзіне жазылған өзінің «Жақсылықтың бағасы» атты әніне Жанатбек Бәйтековтің фото-видеостудиясында бейнеклип түсіру жұмыстарымен айналысып жүргенін айтты.
«Тағы бір ән жинағын шығару ойда бар, бірақ бұл мәселе әндерді қаншалықты жинақтауыңа байланысты. Жақсы ән таңдау, репертуарды байыту деген біздің күн сайын айналысып жүретін жұмысымыз. Әншінің бағын ашатын жақсы әнді әрқашан іздеп жүреміз, бір күнімізді босқа өткізбейміз. Әрдайым ізденісте жүрмесең өнер адамы ретінде өспейсің, мен осыдан кейінгі бес жылда қандай болар екенмін деген ойдан мазасызданамын, егер осы бес жыл ішінде кәсіби тұрғыдан жетілмесем, деңгейім өспесе өнерде жүргенімнің керегі не деп те ойлайтыным рас.
Репертуарымда жиырмаға жуық ән бар, соның ішінде «Қарғам-ауды» халықтың жасы-кәрісі түгел жақсы қабылдады дей аламын. Әрбір әншінің өзінің стилі, қалыптасқан өрнегі болады ғой, мен сахнаға алғаш шығар кезде ойлаған музыкалық жанрым, яғни өзіме таңдаған жолым — халық әндерін гитараның сүйемелдеуінде орындау. Бұл бізде болмаған дүние және осы жанрды әрі қарай дамыту мақсатында жұмыс істегім келеді, дәстүрлі әнді сахнада орындаумен қатар оның ғылыми жағын зерттеумен де айналысуым мүмкін, себебі бұл саланың зерделеуді қажет ететін тұстары жеткілікті.
Гитарамен ән салудан кейін гитарасыз, эстрадамен де ән салып жүрдім, өзімді басқа бағытта сынап көру де ойымда бар. Мәселен мен жоғарғы білімді Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториядан алдым, онда халық әні кафедрасынан Қайрат Байбосыновтың класында оқыдым, яғни болашақта домбырамен ән айтуым да мүмкін. Мұның бәрі бірақ уақытпен келетін дүние деп ойлаймын, домбыраңмен ән айтудың кезеңі келіп, сұранысы артқан кезде неге айтпасқа»,- дейді Баян
Ал әнші болмағаныңда қандай мамандықты таңдар едің деген сұрағымызға: «Тіпті, айта алмаймын, адамға пайдасы бар дәрігерлікті қалауым мүмкін бе еді.., бірақ менде басқа мамандық таңдау туралы ой да болған жоқ. Менің өнерге келуімнің өзі әу бастан белгілі болған сияқты, Алла менің маңдайыма әншілікті жазған шығар деп ойлаймын. Мен ес білгелі музыканы жақсы көремін, ал үйдегілер менің 3 жасымда домбырамен, 5 жасымда гитарамен ән салатынымды айтады, мен ол кезде есімді де жөнді білмеймін ғой, ал музыкаға деген құштарлық пен іңкәрлік бала жастан бойымда бар.
Мені баласынып, музыкалық аспапты сындырасың деп, қолыма көп бере қоймайтын, бір күні гитараны алып тығылып ән айтып отырғанымды әпкем көріп қалды, ол кезде менің жасым алтыға толмаған еді. Сол кезде әпкем «сен қашан, қайдан үйренгенсің» деп қатты таңқалды, оның таңқалғанына мен түсінбедім, себебі менің жасымдағы барлық бала осылай ән айтып, гитарада ойнай алады деп ойлайтынмын, бұл мен үшін қалыпты жағдай болып көрінетін, сөйтсем олай емес екен ғой.
Осы өнерімді көрген үлкен әпкем Нұргүл мені өзінің қасына, яғни Көкшетау қаласына алып келіп, музыкалық мектептің классикалық гитаристер дайындайтын бөліміне оқуға берді. Алғашында ауылдан келгендіктен, орыс тілін онша білмегендігім себепті сабаққа барғым келмей қиналатынмын, кейін үйреніп кеттім, ал маған гитарадан сабақ берген ұстазым Андрей Паленов өзінің ісін соншалықты сүйетін, сабақ кезінде менің басқа да пәндерді оқуым керектігін, өзінің басқа да шаруасы барын ұмытып, жан-тәнімен кірісетін нағыз ұстаз болды. Осы ұстазымның арқасында мен гитараны меңгердім, ал өнерге қалай келгенімді де білмеймін, ес білгелі өнерден алшақтаған кезім жоқ», - дейді гитарашы ару.
ДӘСТҮРЛІ ӘНДІ ГИТАРАМЕН ОРЫНДАУДЫ ҰСТАЗДАРЫМ ЖАҚСЫ ҚАБЫЛДАДЫ.
Мектеп оқушысы кезінен «Әнші балапан», «Айналайын» байқаулары арқылы Республика сарайының сахнасында ән айтуды бастаған Баян кәсіби әнші ретінде үлкен сахнаға 2001 жылы аяқ басып, «Бауыржан-шоу», «Айтыс» шаралары арқылы халыққа таныла бастады. Ол өз әндерінің халыққа кеңірек таралуына мүмкіндік беріп, көп ықпал еткен талай әншінің жұлдызын жарқыратып, тұсауын кескен «Ән мен әнші» бағдарламасының концерті дейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру