Сапалы білім - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізі.

 Сапалы білім - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізі.

ҚР Президентінің 2008 жылғы №626 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» туындайтын бәсекеге қабілетті маман даярлаудың кепілі болып отырған сапалы кәсіптік білім беру әр оқытушының инновациялық-педагогикалық технологияны тиімді де ұтымды қолдануымен жүзеге асырылатындығы дәлелденіп отыр.
Техникалық білім беру саласында қызмет жасап жүрген менің алдыма қойған мақсатым, сапалы кәсіптік білім беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Мақсатымды жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалуы керек деп білемін:
-дүниежүзілік білім кеңістігімен байланыста болу, он-лайн жүйесінде жұмыс жасай алу машағын қалыптастыру;
-арнайы тарауларлар бойынша математика пәнінен электронды оқулықтарды қажеттіліктерге байланысты қолданып отыру, интерактивті кабинеттерде мүмкіндігінше көбірек дәстүрлі сабақ өткізуді дағдыға айналдыру, интерактивті тақтадағы математикалық мүмкіндіктерді аша білу, оқушыларды интернет кабинетінде жұмыс жасауға дағдыландыру үшін арнайы тапсырмалар беру, пән саласындағы жаңалықтар өзім де үзбей танысып отыру;
-техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары мен бағдарламалары талаптарын жүзеге асыру;
- мемлекеттік білім беру стандартындағы типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған күнтізбелік тақырыптық жоспарға үйлесімді таңдалған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу;
-оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педогогикалық-инновациялық технологияларды қолдану, оқу-әдістемелік, ғылыми жаңалықтарды ұтымды пайдалану;
-Болашақ маманның білімі мен білігі, дағдысы мен ғылымилығы оның шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын деңгейде болу шарт.
Жаратылыстану пәндерінде сыни тұрғыдан әр-түрлі стратегияларды, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтарының бірі, бәсекеге маман даярлаудың кепілі.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық-педогогикалық технология-білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға бағдар береді және күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылады, пәндік, инновациялық, педагогикалық құзіреттердің дамуы арқылы бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың танымдық, тәжірибелік қабілеттерінің дамуын, алған білімін кез-келген оқу және өмір, еңбек жағдайларында шығармашылықпен пайдалануын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді. Компьютерлік ұйымдастырылған сабақтар үрдісі арқылы логикалық ойлауға қозғау салып шәкірттің де оқытушының да құзіреттілігін арттыруға әсер етеді.
Түйінді құзіреттер бәсекеге қабілетті маман даярлаудың алғы шарты іспеттес, білім салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтауға негіз болады. Түйіді құзіреттерге жататын ақпаратық құзірет оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық-педогогикалық технология-түрінде көрініс табады, және сәйкес жетілген түрде қолдану күткен нәтижені беретіні айқын.
Жаңа инновациялық-педогогикалық технологияны қолдану мәселе ретінде қарастырылатын болса, оны шешімін төмендегідей іздеуге де болатыны айқын:
Проблемаларды шешу құзыреттілігі
Аспект
Проблеманы сәйкестендіру (анықтау) - ол мұғалімнің қалыптастырған проблеманы шешуге қай тұрғыдан келетінін түсіндіреді;
- шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір –
бірінен айырмашылығын көрсете отырып,
сипаттайды.
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою - міндеттерді шешу бойынша қадамдардың логикалық және уақытша бірізділігін анықтайды және құрайды.
Технологияларды қолдану - технологияны нұсқаулықпен қатаң жүргізеді.
Ресурстарды жоспарлау - белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды.
Қызметті бағалау - ағымдағы бақылауды өз бетінше берілген тапсырмалар бойынша орындайды.
Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау - жоспарланған және алынған өнімнің сипаттамаларын салыстырады және өнім сапасына сәйкес қорытынды жасайды;
- өз әрекетінің өнімін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды.
Өзіндік қозғалысын бағалау - өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсетеді;
- өз қызметіндегі қызығушылығын атайды.

Жаратылыстану пәндері бойынша жан-жақты жүйелі терең білім берілсе технология арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасса онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу сол білімді нәтижелі түрде пайдалану т.рлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті құзіретті тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз.
Методология дегеніміз – бұл іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім» деп, - А.М.Новиков айтқандай оқу-тәрбие үрдісі – методологияны қажет ететін динамикалық күрделі жүйе. Бұл жүйеде жаңа инновациялық-педогогикалық технологиямен қаруланған оқытушыға жеке тұлға ретінде төмендегідей талаптар қойылады:
-дүнижүзілік білім кеңістігіндегі жаңа ақпарттарды ұтымды пайдалану, ғылымның өзіне қатысты және сыбайлас салаларында үнемі өз білімдерін жетілдіру-болашақ мамандардың өзіндік сенімін қалыптастыру мақсатында рухани жағымды көңіл күй орнату үшін оқу процесінің барлық мүмкіндіктерін қолдануғ арнайы роликтер, слайд шоу т.б
-оқушыларды ғылыми зерттеу жаңалықтарына тарту үшін соңғы білім саласындағы жаңалықтарды назарда ұстау;
ХХІ-ғасыр-жаратылыстану ғылымының жан-жақты тараған кезеңі. Жаратылыстану ғылымын оқу тәрбие үрдісінде мазмұнды жүзеге асыру үшін инновациялық-педогогикалық технологиялар ауадай қажет. Алған білімдерін интерактивті оқыту әдісі арқылы түрлендіріп бекіту кеңінен ұсынылады.
Оқытылатын пән төңірегінде, болашақ маманның жұмыс сипаты мен ерекшелігіне сай мәліметтерді, ғылымиғ инновациялық жаңалықтар мен ақпараттарды таңдай білу.
Жоғарыдағыдай білім беру оқу-тәрбие үрдісін ұлттық жүйеде дамытуға негіз бола отырып, жеке шығармашыл дара тұлға,салауатты да кемелденуші, бәсекеге қабілетті маман даярлаудың кепіліне айналмақ.
Күнделікті әр топтың әр сабағына білім деңгейлеріне байланысты авторлық деңгейлік, топтық, жұптық, жеке, шығармашылық тапсырмалар дайындау, арнайы он-лайн жүйесіндегі кейбір материалдарды беру, сабақтарымды мейлінше қызықты өткізу, жаңа инновациялық педогогикалық технологияларды оқу процесінде тәжірибелеу, жаңашылдыққа ұмтылу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші оның білімділік деңгейімен айқындалады»,-деп атап көрсетті.
Ал, индустрияльды инновациялық -педогогикалық технологияның құрлымында бәсекеге қабілетті маман даярлау негізгі кілттік тапсырма.
Инновациялық-педогогикалық технологияны қолдану арқылы кілттік тапсырманы шешуде өз үлесімді қоса жүріп, жоғарыдағы мақсаттарым мен міндеттеріме талапқа сай жаңа міндеткерліктерді жүктей отырып, күтетін нәтижелерім:
 өзінің және қоғамның мүддесінде өзін- өзі белсенді етуге дайын, жаратылыстану ғылымдарымен қаруланған;
 өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім;
 бәсекеге қабілетті, әлемдік білім кеңістігінде жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтарымен еркін сусындаған;
 құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру