Құқық дегеніміз не?
Қазақстан – зайырлы, құқықтық мемлекет құру жолында. Тәуелсіздік алғалы бергі сындарлы кезең тарих беттерінен өз орнын ала білді десек, осы 20 жыл аралығында құқықтық жүйемізде қыруар шаруа жүзеге асты. Жалпы, осы құқық дегеніміз не? Бұл – мемлекеттің қуатты құралы, басқаша айтқанда, қоғамның жан-жақты дамуын заңдық тұрғыда қамтамасыз ету.
Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында және күнделікті өмірде қолданылады. Кең мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда қ ұқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.
Заң ғылымында құқық бірнеше мағынада қолданылады:
1. Құқық заң ғылымында оқу пәнінің атауын білдіретін ұғым ретінде қолданылады (азаматтық құқық, конституциялық құқық);
2. Құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы). Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;
3. Құқық мемлекетпен байланысты және мінез құлық ережелерінен тұратын жүйе ретінде түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс). Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;
4. Құқық объективтік және субъективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі).
Құқық теориясы көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес:
Құқық – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, м. бекіткен және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жүйесі.
Құқықтың белгілері:
- жалпылығы;
- міндеттілігі;
- нормативттілігі;
- құқықты бұзғаны үшін, мемлекет тарапынан жауапкершіліктің қолданылуы;
- мемлекетпен байланысы;
- формальді анықтылығы, оның ерекше атауының және нысанының болуы;
- жүйелілігі – оның саладан институттардан және нормадан тұруы.
Құқықтық тәрбие негізі неден басталады?
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қоғамдағы демократиялық жолы тікелей құқықтық тәрбиеге байланысты. Ұлы ойшыл Платонның көзқарасы бойынша, өркениетті мемлекет ақыл-ой ұштасуынан дамиды. Құқықтық мемлекет құру үшін азаматтық қоғам орнату қажетті. Азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғарғы деңгейде қалыптасуы керек. Жеке тұлғаның құқықтық дамуы – құқықтық (құқықтану, құқыққа көзқарасын қалыптастыру, құқықтық қатынасты жақсарту және т.б.) тәрбиенің арнайы мақсаты. Әйгілі Перикл де мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруде құқықтың алатын орнын айрықша атаған. Сондай – ақ, Аристотель адамдардың құқықтық жағдайларын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам құру – құқықтық меемлекеттің негізгі нысаны екендігіне өзіндік бағдар береді. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Марк Тулли Цицерон «Мемлекет барлық еркін адамдардың келісімімен және құқықтық қатынастан тұрады» деп түсіндіреді. Ежелгі дәуір ойшылдарының тұжырымдарынан олар азаматтардың құқықтық жағдайларын жақсартуға, әрі демократиялық құқықтық мемлекет құруға талпыныс жасағанына көз жеткізуге болады.
Ресей ғалымы И.Ф.Рябко «құқықтық тәрбие - тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқына жүйелі, мақсатты әсер ету» деп түсіндіреді, ал Қазақстандық зерттеушілер Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева құқықтық сананы қоғамдық сананың жеке бір саласы дей келе, «құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі», - деген анықтама береді.
Бағамдап қарасақ, құқықтық тәрбие - жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі.
Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген. Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлiн атқарып отырады. Сөйтiп, адамға оның жан-жақты еркiн дамуына, қысылмай ыңғайлы өмiр сүруiне кепiл болады.
Осы тұрғыдан алғанда, құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан қоғамның дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты.
Қазіргі қоғамдағы жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етеді.
Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие - бүгінде ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс. ХХI ғасырдың басында жаһандануға байланысты ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі қоғамымыздың қазiргi әлеуметтiк-тарихи даму кезеңiнде, бiлiм беру
жүйесiн реформалау үдерісiнде отбасы мен жалпы бiлiм беретін мектепте туындаған тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық ерекшелiктерiнің маңызы өсiп отыр.
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат –жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін,қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін,дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.
Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда.Ендеше осы елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайық тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне,дамуына үлес қоса алатын болады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады.Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді.Қазақстан заңдарына терең құрмет қалыптастыру,оларды сөзсіз сақтау және орындау –ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі.Көбіне құқықтық сананың төмендігі,материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтар туғызады.Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады.Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы,сенімдері,тәртіптілігі,өзіне және басқаға талап қоюы ,адалдығы мен шыншылдығы ,қайырымдылығы мен ұстамдылығы ,жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі.Әңгіме адам ,оның санасы,мінез-құлық,жүріс-тұрысы туралы болғанда,көптеген сұрақтар туындайды.Дегенмен қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ тәрбиесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып ,жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн. Жастардың көпшілігі заңның маңызын жете бағаламайды.Олардың көбісі тәртіп бұзудың жазасыз қалмайтынына сенімсіздікпен қарайды.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті,межелері,мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады.Ол мұны сезіне ме,сезінбей ме,бұл оның еркінен тыс жүреді.Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады.Ол құбылыстарға қатынастардың көмескілігі,бағалаудың анық болмауы олармен күресті қиындатады.Мысалы,мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай.Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді.Осы туралы оқушылар арасынан пікір жинай қалсаң неше түрлі бағалаудың куәсі боласыз.Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі барлығын дәлелдейді.,кейбіреулер мұны дәстүр дәстүр деңгейіне көтереді,ао қайсыбіреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды.
Заңдарды білмеу-құқықтың мәдениеттің елеулі кемшілігі.Әрине,қоғам өмірінде қабылданған заңдылықтардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі.Заңды білмеу және оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайды.Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек.Заң оны оқушы біле ме ,білмей ме,оған тәуелсіз қызметін атқара береді.Ал құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Көп жағдайда оқушылар бір сәттік әрекетінің құқықтық негізіне үңіле бермейді.Айталық,оқушы мұғалім тарапынан мектеп ауласын тазарту жөнінде тапсырма алды.Тапсырманы орындауға қажетті құрал жоқ.Оқушы тапсырманы орындау мақсатында мектептің шаруашылық ісінің қоймасынан өз бетімен қажетті құралдарды алып пайдаланды.Уақыт өткен соң шаруашылық қызметкері оқушыны айыптайды.Оқиғаны бағалайық.Жай көзге оқушы іске зиян келтірген жоқ,талапқа сай міндетін орындады.Ал құқықтық мәдениет тұрғысынан өзі мен шаруашылық қызметкерінің ара қатынасы ережесін бұзып кіналанды.Мұғалім бұл әрекеті үшін ескерту алды.Бұл мысалдардан адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес.
Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі көп жағдайда қылмысқа тартылудың шектеулі жас кезеңдері бар екенін біле бермейді.Қылмысты істер үшін кейде 14 жаста ,кейде 16 жастан жауапқа тартылатынын сезінбейді.Оқушылардың көпшілігі заң алдындағы жауапкершілігіне кәмелетке жеткен уақытын ,яғни 18 жастан деп біледі.Үлкендер тарапынан кейде жасөспірімнің заң алдындағы жауапкершілігін ата-ана,мұғалімдерден сұрау керек деген пікірді де кездестіруге болады.
Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі психолгиялық құбылыс.Бұл құбылыс қоғамның,мемлекеттің көптеген маңызды жағын бейнелейді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ.Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі –маскүнемдік.Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарттары осыдан басталады.Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар:
-тәртіп бұзушының теріс мінез –құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою.
-оқушының тәрбиесін ,өмір жағдайын,ортасын сауықтыру.
-оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру.
-Отан қорғау,туған елдің күш-қуатын молайту ,сөз,баспасөз бостандығы мәселелер і жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Құқықтық тәрбиені заман талабына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп ,нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды,жинақты етіп пайдаланып,оңтайлы формалары мен әдістерін іздестіру қажет.
Мектепте жасөспірімдерге құқықтық дәрістер ұйымдастырылады.Дәрістердің мақсаты-жасөспірімдерге еліміздің заңдарын және халқын құрметтеуг сезіміне тәрбиелеу.,құқықтық біліммен қаруландыру.,оны насихаттау.
Тағы бір мәселе жазда көбіне балалардың қолдары бос болғандықтан немен шұғылданатынын білмей,бос сенделіп кетеді,яғни,олар әлеуметтік зиянды тәсілмен бірігіп уақыт өткізуге ,ұсақ бұзақылықтар жасауға ,кейде оңай жолмен ақша табу мақсатында бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап ,сатуға да барады. Сондықтан да жазғы уақытты тиімді пайдалануына қадағалау жасау қажет. Кейбір балардың ерік-жігері әлсіз болып келеді.Олар ойланбай әрекет жасауға ,зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады.Баланың мұндай жігерсіздігі мен еркінің бостығы ,оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.
БҮГІНГІ ҚОҒАМДЫ ЖАҢАРТУ, ЖАРИЯЛЫЛЫҚ заманында жастардың батыстың күйіне,жағымсыз үлгілеріне еліктеу басым болып барады.Ал,кино мен көгілдір экраннан ұнамайтын,сыйықсыз көріністер және ондағы келеңсіз әрекеттердің тигізер зиянына ешбір адамның күмәні болмас.Елдегі әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс ,тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізері айдан-анық.Ол өз алдына жанұяда бюджет тапшылығына әкеп соғады.Сондықтан да отбасындағы жетіспеушілік балалардың оқуға бармай ,дала кезіп,ұрлық жасап,кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады.
Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалардың барлығы бәрімізге аян.Қоғам,мемлекет ұйымдары ,жұртшылық боп қиын балалардың тағдырына ерекше көңіл аударады.Соған қарамастан олардың саны жылдан жылға азаймай келеді.
«Қиын»балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп қалу,өзінен әлсіздерді жәбірлеу,үлкендерді сыйламау,дөрекілік мінез көрсету.»
Әдетте мұндай оқушылар бір сыныпта екі жыл отырады.Көбінің оқығысы келмейді.Себебі,оқуға ықыластары азайған,қоғамдық белсенділігі төмен.Мұндай балалар өзінен басқа да жолдастарына да қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе басқадай іспен айналысуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді.
Оқушылардың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіз болуына біз мұғалімдердің кінәміз бар деп айтуға болады.Оқушылардың отбасындағы жағдайын жете білмегендіктен ,оның жағымсыз әрекетінеқажетті тойтарыс бере алмаймыз.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-ші сыныптан бастап ,белгілі жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізу қажет.Ол үшін Қазақстан Республикасының Ата Заңының «Адам және азамат» деп аталатын II бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта «Менің Отаным Қазақстан Республикасы .Оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі ,құқықтары мен бостандығы» деген жолдардан бастап ,1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып ,1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енген Ата Заңның –Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан ,түсіндіруден бастаған жөн.Себебі құқық адамның туғаннан өлгенге дейін қоғамдағы жүріс-тұрысын ,мінез құлқын ,адамдармен,жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын реттейді.
Құқықтық тәрбие нәтижелі болу үшін оқушылардың жасын ,әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ,әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру қажет.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: баяндама Құқық дегеніміз не? туралы доклад казакша на казахском, доклад Құқық дегеніміз не? на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Құқық дегеніміз не?