MCKZ арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды (видео)
MCKZ музыкалық арнасының ашылу кешінде Қайрат Нұртастың басы дауға қалды деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Мұның алдында Қайрат Нұртас Instagram желісінде дәл осы Алматыдағы ашылу салтанаты үшін арнайы Астанадан келгенін айтып, суретін қойған болатын. Қайрат Нұртастың vk.com әлеуметтік желісіндегі жанкүйерлер парақшасында Қайрат Нұртастың MCKZ музыкалық арнасының ашылу салтанатына барғаны, бірақ онда концерт ұйымдастырушыларының жоқ болып шыққаны айтылған. Әнші жанкүйерлері MCKZ арнасының концерт ұйымдастырушылары телефондарын сөндіріп, жиналған жұртты алдап соққанын да жазып отыр.
Видеода Қайрат Нұртастың жиналған жұртты сабырға шақырып, ұйымдастырушылардың кесірінен алданып қалғанын жеткізіп жатқаны көрсетілген. Әнші ешқандай да телеарна ұйымдастырушыларының болмағандығы себепті алданып қалған көрермендерге өз қалтасынан билет құнын төлеп беруге дайын екендігін де жеткізді.
Ұйымдастырушылар афишаға Қайрат Нұртастың үлкен суретін қойғанымен, бұл тек бір ғана әншінің концерті емес еді. Әнші өзінің суретін афишаға үлкен етіп салған ұйымдастырушыларды айыптап отыр.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=j8kmTTdpyIY]
Келесі видеода Қайрат Нұртастың дүйім жұрт алдында, концерт қоюға мүлдем мүмкіндік жасалмаған жерде әндерін қайталап айтуға мәжбүр. Ал анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың көзіне жас алып тұрғанын көруге болады.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=J87BEYaVk40]
Жиналған қауым арна басшыларының атына ұжымдық арыз жазып жатыр екен.
Ал жүргізуші Асхат Садырбай өзінің instagram-дағы парақшасында бұл оқиғиға қатысты былай деп жазған:
Естеріңізге сала кетейік, бұл Қайрат Нұртас қатысқан алғашқы дау емес. Былтыр Алматыда көрермендер Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Прайм Плаза" сауда орталығының алдында тәртіпсіздік орнатқан болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай, дереккөзі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қайрат, Нұртастың, ашылу, арнасының, алдында, музыкалық, суретін, концерт, парақшасында, афишаға, жұртты, алданып, жазып, үлкен, жиналған, ұйымдастырушыларының, болатын, хабарлайды, massaget, қалды