Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам. Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған, Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық......
Отан ... Бұл бір сөз ойыма оралғанда ерекше әсерленемін. Білмеймін, бәлкім бұл менің махаббатым болар... Иә, кезінде осы қазақты қазақ қылу үшін ата-бабаларымыз не істемеген. Талай тар жол тайғақ кешуді бастан өткерді. Отан үшін қанында, жанында құрбан етті. Сонау Жәнібек пен Керей бастаған қазақ бұқарасы не көрмеді. Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама заманынан да сүрінбеді, тек алға деді. Одан кейін Аңырақай шайқасында қазақ жасағы жеңіс тойын тойлады. Осылайша үш жүздің басын қосып Абылай хан сайланды. 1456 жылдан басталған қазақ елінің тарихы небір сындардан сүрінбей өтті.......
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.
Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.
Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Көгілдір аспан аясында жасыл орманға бөленген көгілдір қала жатыр. Қала қай жағынан қарасаң да бірдей көрінген, сан қырлы гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Керемет көрікті. Шығыс-күнгейі мен құбыласына дейін тұтаса созылған, аспанмен тілдескен ақ сәлделі таулары қандай айбарлы, сәнді десеңдерші! Кант бастары күн сәулесімен ойнап, көздің жауын алады. Бұл көшелері, көшені қуалай жүгірген арықтары әлі асфальт пен бетонға құндақталмаған соғыстан кейінгі Алматы. Бұнда әлі алты қабат, жеті қабат үйлер жоқ. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасы тұрғындардың қиялына да кірмеген. Сонда да қала сандықтан алып шыққан жаннат ішіктей құлпырып тұр. Сонау аспанмен тілдескен алып таулардың қойнауларынан, шатқал, арналарынан қуалай, қаланың шығысы мен батысын ала үш өзен ағады. Шығысындағыны - Кіші Алматы өзені, батысындағыларын - Көктем мен Жаман өзен деп атайды. Шығысындағы Кіші Алматы өзені сонау тау қойнауынан сарқырай шаттана күліп, тынбай ағып, қалаға жетеді де, кіре бере екіге бөлінеді. Бір қолы тасты, құмды Кіші Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай құлайды да, судың екінші жартысы Бас арықты беттей жүйткиді. Бас арықтан әр көшенің екі жағын ала, тарам-тарам боп, қала бойын қуалай жөнеледі. Көгал көмкерген, әлі бетон кимеген бұл арықтар, нағыз бір тау етегіндегі тас бұлақтар тәрізді көбік атып секіре, сылқ-сылқ күледі. Сулары көз жасындай мөп-мөлдір, ұрттап қалсаң, тісіңді жарардай сұп-суық. Күндіз-түні сыңғырлап жатқан ағысының жылдамдығы ұшқан құсқа пара-пар бір кереметтер.
Әнші, биші, актриса, тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында Маңғыстау өңірінің «Форт-Шевченко» қаласында дүниеге келген. Кәмшаттың өзінен кіші сіңлісі бар, есімі Алтынай. Айта кететін жәйт – Алтынай да өнерден алыс емес, 2015-ші жылдың мамыр айында құрылған «JayRun» тобының әншісі. Мектеп қабырғасында 9 жыл оқып, ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алып шығады. Мұнымен тоқталмай Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде 3 жыл бойы «Ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүргенде, сәті түсіп «Shine production» продюсерлік орталығына еліміздің үздік girls-band-ді КешYou тобының мүшесі ретінде кіреді. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына «Эстрадалық вокал» кафедрасына ауысып сол жерде білімін шыңдай түседі. Бақытына орай қос продюссерінің бірі Бағым Мухитденовадан сабақ алады. Топтағы қарқынды жұмысымен қоса оқуды қатарынан алып жүрген Кәмшат өзін актриса ретінде сынап көруді үлгерді. Ал ән айтудан бұрын Кәмшат көп жылдар бойы кәсіби бимен айналысып, топтың хореографиясына көңіл бөлген. Негізінде КешYou тобының құрамында жұмыс жасау ұсынысының тарихы Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильміне ұйымдастырылған кастингінен бастау алды....
Тәуекел Мүслім (1988 жылы желтоқсанның 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген.) – әнші, тележүргізуші және актер. Кішкентай кезінен Тәуекел спортқа жақын болған. Әрқашан футбол ойнағанды жақсы көрген, тіпті футболист болу оның бала кезгі арманы болған. Сонымен қатар жүзумен және күреспен айналысқан. Әртурлі спорттармен айналыса Тәуекел өзінің формасын сақтауға тырысқан. Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясын бітірген соң анасы Тәуекелге шарт қойды: өз күшімен грантқа түсу немесе әскерге бару. Тәуекел түндерін кітаптармен өткізіп, нәтижесінде емтиханды жақсы тапсырып институтқа түсті. Тәуекел Мүслім машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Студенттік жылдары тек қызықты кездер ғана емес, өмірінің маңызды кезеңі болған. Себебі,Тәуекел өнер саласында өзін сынап көргісі келді. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. «Махаббатым жүрегімде» телесериалында басты рөлді сомдап, қазір Хабар телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар,Тәукелді әншілік жағынан тануға болады. Өкінішке орай, әкесі оның өнер саласындағы жетістіктерін көре алмады. Тәуекел Мүслім әкесінен 22 жасында айырылды. Түсірілімнен қолы босамай жүретін сері биылғы жазды демалысқа, жеке өміріне арнаған сыңайлы. “Шынымды айтсам, дəл қазір алдыңғы маусымдағыдай қыруар жұмыс жоқ. Түсірілімдер азайып, өзіме, отбасыма, достарыма көңіл бөлудемін. Жуырда жаңа отандық комедияға түстім. Бірақ, басты рөлде емес, қосалқы кейіпкер образын сомдадым. “Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.....
Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер. Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған. 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген. Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен. Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер. 1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. «Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді. Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы. Кинодағы рөлдері: 2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан Режиссер: 2016 Гламур для дур ....
Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998). Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген. 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды. 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды. 2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды. 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды. Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері....
Гүлназ Жоланова 1993 жылы 12 қарашада Ақтау қаласында дүниеге келген. Бойы 169 см. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Отбасы мүшесі: 4-бала,үйдің ортаншысы Апасы,Ағасы,өзі және інісі.
Білімі:Экономикалық лицейде оқыды.Студенттік өмірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалғасты. Мамандығы:"Туризм бойынша менеджер"
Жетістігі: Ұлттық сән байқауы "Қазақ Аруы-2014" бас жүлдегері,"Махаббатым жүрегімде" телехикаясының басты рөлін сомдаған жас актриса.Отандық "Қыздар" сериалының негізгі рөлін сомдады.Сериал барысында "Жас актриса","Үздік кейіпкер" номинацияларын иеленді.
Қызмет саласы: "Жаңа күн","Жексенбі" бағдарламаларының тележүргізушісі.
Мені анам тәрбиеледі. Әкесіз өссем де, анам маған оның жоқтығын білдіртпеуге тырысты. Өз махаббатын маған жеткілікіт дәрежеде берді деп айта аламын. Сол себептен мен сүйгіш адам болып өстім: өзім біреуді сүйгенді ұнатамын, мені де біреудің сүйгенін ұнатамын (күледі). Анам мені әрқашан қолдайтын. «Барға қанағат бол» деген сөзді жиі айтатын. Сол сөздері әлі есімде. Анам маған қалаған нәрсенің бәрін беріп отырса да, қатты еркелетіп жіберген жоқ. Керек кезде тяқты да жейтінмін ....
Баян Максатқызы Алагөзова (9 қаңтар 1974, Орал, Қазақ КСР, КСРО) — белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, редактор және «Ғашықтар әлемі» жылтыр журналының бірге иемденушісі.
Халық таңдауы Халық арасында кең сұранысқа ие болып, талантымен талайды таң қалдырған, сымбатымен жүректерді баурап алған, әдемі әндерімен тыңдарманның көңіл терезесін қаққан ерлер арасындағы үздіктерді жариялаймыз.