Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Мен Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.
Айт арабтың - “әлғид” деген сөзі – мейрам, мереке деген мағына береді. Осы айт күндерді ерекше қарсы алып айтшылайық, құрметті ағайындар. Наурыз мейрамы сияқты той-думанмен қызықтап өткізелік. Барлықтарыңызға осы қасиетті мейрамды өз үй-ішіңізбен құрметтеп өткізуге жазсын.
Бұрында әжелеріміз, ана-апаларымыз бар тәуір киімдерін, шашақты орамалдарын, әшекейлі мәсілерін сандықтан, шемоданнан шығарып, түрлене киініп, үстеріне әтір шашып (ер адамдар көп түрленбейтін) қыдырушы.....
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурызмейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары....
Наурызмейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз....
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурызмейрамықұтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр.....
Бата беру — Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны бар салт-дәстүрлерінің бірі. Халқымыз ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Оны кез келген адам айта бермейді және тойдағы тілектен айтарлықтай өзгешеленеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.Батаның түрлері — Баталардың түрлері
Баталардың түрлері
Бата қай кезде және кімге қарата айтылып тұрғанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар — жарапазан батасы, серттесу батасы, жол батасы, жаңа ай батасы, теріс бата, соғым батасы, көші-қон батасы, жас отау иелеріне арналған бата және өлім шыққан үйде айтылатын бата және т.б.
Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен. – Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қыдырып, ет жеуге, тіпті, ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді. – Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді.
– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді.
Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді.
Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады.
Күн батып кеткен кезде бір түйе жинап келе жатқан ақсақалды шалға жолыға кетеді. Ақсақалды шал Үсенге:
Қазағымның қай дастарханы батасыз өтетін еді? Бата беру - алғыс айту, ақ тілек тілеу дегенді білдіреді. Сондықтан бұл баталар жинағын әрбір қазақ жатқа білуі тиіс деп ойлаймыз. Жаттаңыздар, айтыңыздар, ақ тілектеріңізді жеткізіңіздер ағайын!!!
Құдай берсін, кем қылмасын, Дастарханың мол болсын, Абыройың зор болсын. Отбасының байлығын берсін,
Деніміздің саулығын берсін. Көңіліміз тоқ болсын, Уайым - қайғы жоқ болсын. Отырғандарың үлкен тақ болсын.
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» Қайталау сабағы Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту Сабақтың мақсаты: 6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;....
Құлағым елеңдейді ән дегенде, Кежегем кейіп тартар мал дегенде. Қалмайды қойға барсам ала мысық, Ақ күшік арт жағымда дәндегендей. Маған жолдас ақ күшік, ала мысық, Ақ лақ үшеуі жүр бірге ілесіп, Ақтиін, қоян қуса қоймаушы еді, Мысығым мәулеп тұрар көзін қысып. Үш достың біреуі еді ақ лағым, Жарысып, озып алған нақ лағым.......
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері - халықтық педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан мұралар. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері: а/ Тұрмыс-салт жырлары; ә/ мақал-мәтелдер; б/ ертегілер; в/ эпостық жырлар; г/ лиро-эпостық жырлар; д/ айтыс өлеңдер; ж/ тарихи жырлар. Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай, өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін ауыз әдебиетінің үлгілері - айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері, шешендік сөздер. "Қазығұрттың басында кеме калған, Ол әулие болмаса неге қалған". Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе, сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесің рухани дәстүрін білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған болатын. XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем өдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі әлеуметтік экономикалық өмірі - ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті- сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады. Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б. Ауыз әдебиеті - талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінін асыл қазынасы ретінде сабақтасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен. Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан, Өркениетті мәдениетгі елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған. Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және жұмбақтардың этно-педагогикалық мәнін қарастырайық.....
Баршаңызға мүбарак, Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан....
Айтайын айт дегенде жарапазан, Бір келген он екі айда ораза иман! Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам, Ағаға осы үйдегі бердік сәлем. Ағаға осы үйдегі берсек сәлем, Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам! Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған, Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған, Ораза намазыңды күтіп барсаң, Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған. Мінгені Пайғамбардың жирен дейді, Намазды он екіңде үйрен дейді. Намазды он екіде үйренгесін, Тіліңе қызыл істік түйрелмейді. Меккеде бір ағаш бар іші қуыс, Ораза намазыңның несі жұмыс. Ораза намазыңды күтіп барсаң, Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс. Меккеде бір ағаш бар....
Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмірбаяны
Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі СұлтанмахмұтТорайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы. Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды. Осының мәнісін көп ойландым. Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді. Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында. Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын. Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. ....
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй,-деген. Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық отырыстардың көркі болды. Ақын әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында.....
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді....
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы. Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті. Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз. Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады. Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз. Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Журналистика қоғамымыздағы «төртінші билік» деп танылып, өміріміздің айрылмас бөлшегіне айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» болып, қалың көпшіліктің мұң-мұқтажының жоқтаушысы қызметін атқару, яғни билік пен халықтың арасындағы дәнекерші болу. Дегенмен, заман талабына орай журналистиканың қоғамда атқаратын қызметтері де айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың ақпаратқа деген сұраныстары артып келеді, яғни БАҚ-тың ақпараттық функциясы дамуда. Осы орайда еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыла еңбек етуде, олардың елдің соңғы жаңалықтарына деген сұранысын өтеу жолындағы қажырлы жұмыстары бүгінгі күнде жақсы деңгейден бағалана бастады. Мемлекеттік телерадиоарналардағы ақпарат берудегі өзіндік ұстанымдары, саясаты көбіне ресми бағытта, әрі қатаң қалыптағы сипатта болса, тәуелсіз электронды ақпарат құралдарында тақырып таңдаудағы еркіндік пен оқиғаға қатысты сын пікірлердің орын алуы қалыпты жағдайға айналып келеді. Зерттеу жұмысын «31-телеарнадағы» «Информбюро» ақпараттық бағдарламаға арнауымыз да осы жоғарыда айтылған ойды нақты тұжырымдар арқылы дәлелдеу. ....
Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.
Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...
Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.
Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.
Aвтор.
Это как выпущенный бег, знающий свой путь...
Ригведа, Гимн Варуне
Мы живем впервые...
Юрий Олеша.
I
Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.
Алда келе жатқан жігіт француз кілтімен есік ашты. Оған ерген жас жігіт, табалдырықтан аттамас бұрын, әлденеге қолапайсызданып, жұлқа тартып, басындағы кепкасын қолына алды. Оның жұпыны шидем киімінен теңіз лебі аңқиды; кең холлға кірген кезде бұл жігіттің не қылса да берекесі қашайын деді. Кепкасын қайда қоярын білмей, қалтасына енді жытырғалы жатқанда серігі жайраңдап, өзімсініп, қолынан кепкасын ала қойған еді, оның бұл қылығы жігітке ұнап кетті. «Жағдайға түсінетін жақсы жігіт екен, тегі, ұятқа қалдырмас»,— деп ойлады ішінен.
Еденді жоғарылы-төмен теңіз теңселтіп тұрғандай ол найқалып, аяғын нығарлай басып, серігінің соңынан жүріп келеді. Алшаңдаған алпамсадай жігітке дағарадай бөлме тар көрінді — ол есіктің жақтауын иығыммен қағып кетер ме екем немесе каминнің үстінде тұрған жылтырауық-жарқырауықтарын ұшырып жіберем бе деп зәресі қалмады. Олай-бұлай орынсыз бұрыла бергендіктен, қайдағы жоқ бәлеге өзі бас болды. Рояль мен үстінде үйіліп көп кітап жатқан столдың арасынан алты адам еркін өтер еді, сол арадан әлденеге сасқалақтап, бір өзі әрең өтті. Соқталдай болып солбырайған екі қолын қоярға жер таппағандай. Бірде стол үстіндегі кітаптарды қағып кетем-ау деп, үріккен аттай орғып түскенде, рояльдің түбіндегі орындықты құлатып кете жаздады. Ол алдында алаңсыз еркін жүріп келе жатқан серігіне қарап, өзінің арпыл-тарпыл жүрісін ерсі көрді. Екі беті оттай дуылдап кетті. Маңдайынан шып-шып тер шықты, сәл кідіріп, орамалымен күнге күйген қоңырқай бетінің терін сүртті.
Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ .....
Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ. Топ мүшелері: Атаханов Берік, Рахмет Мақсат, Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған. Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group Топ мақсаты Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды. Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен. «Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.....
Жарапазан айта келдім, сіз байларға, Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?! Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан! Бір келген он екі айда шақыр рамазан, Қылыңыз рамазанда жанды құрбан! Үш айда енді бізге қалам, Құран, Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан! Бес парыз мұсылманға минат болған, Ораза, намаз, зекет....
Жамбыл Жабаев– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды.....