Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады. Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.....
Кіріспе Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей: а) лексикалық мәні. ә) копаненттік құрамы. б) грамматикалық категориялардың түрі. Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады. Сөйлемде белгілі бір сөз табының орнына қолданылатын фразеологизмдер сөз таптарымен сөз тіркесін құрап барып сөйлемге енеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Фразеологизмдердің сөз тіркесінің бағыныңқы,басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктеріне сай аналитикалық,синтетикалық тәсілмен байланысқа қалай еніп,сөз тіркесін құраудағы басқа да ерекшеліктерін ашу.Осыдан төмендегі міндеттерді шешу көзделеді: -фразеологизмнің синтетикалық тәсілмен байланысу үшін тұтасымен беретін мағынасын анықтау;
-қандай мағыналы фразеологизмдер аналитикалық тәсілмен байланысатынын нақтылау; Зерттеу жұмысының әдістері мен дереккөздері: Жұмыс барысында сипаттама әдісі,компоненттік талдау әдісі,зерттеу жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинақтау әдісі қолданылды.Қажетті теориялық материалдар қазақ тіл білімінде:І.Кеңесбае,М.Балақаев,К.Аханов,А.Ысқақов,Р.Әміров,Т.Сайрамбаев,Ә.Болғанбаев,С.Сәтенова, Г.Смағұлова т.б.орыс В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия; түркітануда: Н.К.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова,А.З.Гаджиева т.б. тілші мамандардың еңбектеріненалынды.Ал қажетті тілдік материал І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен»(1977ж.),сондай-ақ көркем әдебиет пен баспасөз материалдарынан жиналды. Зерттеудің жаңалығы мен нәтижелері:Қазақ тіліндегі фразеологизмдер сөз тіркесін құрайтын компонент ретінде арнайы зерттелді.Олар жиналған тілдік мәлімет бойынша топталды,нәтижелері төмендегідей: -аналитикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер айқындалды; - синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан фразеолгизмдердің мағынасы айқындалды....
Кіріспе Қазіргі таңда әртүрлі процесстерде ылғалдылықты реттеуге арналған аспаптардың рөлі мен қызметі бәріне белгілі. Қазіргі кезде ғылым, техника тіпті халықтық шаруашылық саласының ешбірінде ылғалдылықты реттеу процессінің пайдаланылмауы мүмкін емес. Бірақ ылғалдылықты реттеу қажеттілікті аспаптар нарығында аса сенімді және қанағаттанарлық жағдайда емес. Көптеген халық қолданысындағы аспаптар мен датчиктер қазіргі замандағы техниканың даму дәрежесіне сай келмейді, сонымен қатар бағасы қымбат, пайдалануға қолайсыз, көлемі өте үлкен. Қазіргі даму кезеңінде бүкіл әлемде сонымен қатар біздің елде халық қолданысындағы барлық салаға автоматтандыру мен компьютеризациялау тенденциясы жүзеге асырылып, кең қолданысқа ие болып отыр. Осы кезекте алдыңғы орындарға қазіргі кездегі өндірістік технологиялық процесстер ие. Осыдан кейін газды ортаның ылғалдылығын өлшеу процессінің автоматтандыру және де арнайы құрылғылар мен ЭЕМ-дің мәліметтерді өндеу қажеттілігі туындайды.....
Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің қайырылмас құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкініш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж. мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық жоғарылаған болатын. 1996 ж. зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал айтарлықтай тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды. Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен теңізге ағып кетіп жатты. Соңғы жылдары Кіші теңіз және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Көкарал бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде теңіздің жалпы аумағы 330 мың гектарды ....
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда. Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.....
Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша. Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды. Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың дамуы мемлекет экономикасындағы жылжымайтын дүние мүлік ролін бағалау мен адамдар өмірінде елеулі өзгерістерге әкелді. Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы жағдайға және ипотекалық несиелеудің Қазақстан Республикасындағы дамуына баға беру. Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі мақсаттар қойылған: 1 Ипотека институтының тууын зерттеу; 2 Шет елдердің тәжірибесі негізінде Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуының мүмкін үлгілерін қарап шығу; 3 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесін орындау алдында суреттеу; 4 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің дамуы және енгізу процесін талдау; 5 Шығыс Қазақстан облыс тұрғындарының ипотекалық несиеге тұрғын үй сатып алуының инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау. Қойылған мақсаттар дипломдық жұмыстың құрылымымен шарттасылған және кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 35 атаудан құралған пайдаланған әдебиеттер мен 6 қосымшадан құрылған.....
Жылдамдығы секунднына 10 метрден асатын, күшті желмен көтерілген, қалындығы 100 метрден асатын атмосфера қабатына енген шаң-тозаңдар ағыны – шанды борандарға жатқызылады. Шаңды дауы пайда болу үшін екі жағдай қажет, яғни күшті жел және топырақтың борпылдақ болуы. Кеуіп қалған топырақ пен шөптің сирек өсетін жерлерінде, 8-10 м/с жел жылдамдығында байқалады. Басқа кездерде желдің жылдамдығы 20 м/с-тан асса да байқалмауы мүмкін. Оның негізгі себебі топырақ бетіндегі 20 см су қоры мен оның құрылымы емес сонымен қатар оның кедір-бұдырлығы және термикалық тұрақтылығы болып табылады. Осы жұмысты зерттеулері бойынша қорыта келетін болсақ 1997 жылы өте ұзаққа созылған шаңды дауыл байқалмаған. Қазақстан территориясында батыста, солтүстікте және оңтүстікте байқалған. Шаңды дауылдың жылы кезеңге қалыптасуы, топырақтың кебуі және топырақ бетін жел соғып құнарсыздандыруынан шаңды дауыл қалыптасады. Шаңды дауылдардың мамыр мен маусымда пайда болуы мередиональды процестер мен сипатталады, солтүстік батыс, солтүстік және ультрополярлы енулермен жақсы көрсетілген. Шаңды дауылдар шілде мен тамыз айларында пайда болатынынын синоптикалық процес зональді процестер басымдылығымен өзгешеленеді. ....
1. Кіріспе Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады. Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді ....
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе. Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде. Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған. ....