Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дене шынықтыру | Самбо күресіне оқыту тәсілдері мен әдістерін студенттердің дене қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылудың практикалық алғы шарттары

Жоғарғы мектеп реформасы жоғарғы оқу орнының дене шынықтыру мұғалімдерінен, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардан дене шынықтыру жөніндегі лекцияларда және практикалық сабақтарда пән бойынша теорияны және практиканы беру әдістемесін одан әрі жетілдіруді талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт бойынша білімін тереңдете түсу, денсаулықтарын нығайту. Сабақ беру, оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттерін жетілдіретін, олардың болашақ мамандықтарын игерулеріне ықпал ететін сабақтарға қызыға-ынтыға қатысуларына бағытталған болуға тиіс.
Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген қызығушылығы арқылы олардың дене қасиеттерін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда медицина университеті студенттерінің дене қасиеттерін даярлаудың бастапқы кезеңінде самбоның техникасы мен тактикасын зерттеудің зор маңызы бар. Біз спорттың самбо секілді түрінің негізінде, жоғарғы дене шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | А. Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі

Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және ғылми әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнын анықтау. Жұмыс мақсаты мынадай міндеттерді шешуге негізделеді:
- А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұраларының зеттеу жайына шолу жасау;
- А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясын қалыптастыушы ғалым екенін дәләлдеу;
- А.Байтұрсынұлы жасаған тарминдардің тілдік сипаты мен жасалу жолдарын көрсету.
Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде А.Байтүрсынұлы терминжасамдық мұрасын зеттеуге арналған мақалалар мен көлемді еңбектерге шолу жасалды (Р.Сыздықова, О.Айтбаев, Ш.Қүманбайұлы, Ш.Жалмаханов, Ж.Смағұлов т.б). Екінші бөлімде ғалым жасаған терминдер мен олардыың жасалу жолдарына тоқталдық (зат есім, сын есім, бастауыш, баяндауыш, дыбыс, буын, жұрнақ, жалғау, көсемше, есімше, қаратпа сөз, қыстырма сөз, жай сөйлем т.б.).
Зерттеудің әдістері: Жұмысты зерттеу барысында сипаттамалы, ғылми зерттеу әдісі басшылыққа алынды.
Тірек сөздер: қазақ терминологиясы, терминдер, термин жасаудағы негізгі принциптері, терминдердің тәсілдік сипаттары, т.б.

КІРІСПЕ

Қазақ тілі білімінің, соның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, ұлағат алар ұлыларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін аттап өте алмаймыз. Солай болуға тиісті де. Оның себебі- ұлттың ғылыми терминологияны қалыптастырудың еңбектерінен басталатындығы. Осы тұста бірден басын ашып айта кететін мәселе бар. Ол- тіліміздегі жекелеген сөздердің терминдік мәнде қолданыла бастауы мен терминологиялық жүйенің қалыптасуын шатастыруға балмайтындығы. Жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезде басылып тұрған «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттердің беттерінен кездестіруге болады. Ал салалық терминологияның қалыптасуы- белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Өз алдына дербес терминологиялық өріс құрайтын арнаулы салалардың атаулар жүйесінен бөлініп шығуы үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарына дейін болды десек, шындыққа онша жанаспаған болар еді.
Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен ,олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі- аяқталып келе жатқан ғасырдың бірінші он жылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз- қазақтың ғылыми терминологиясының туындауы да дәл осы кезден басталуға тиіс деген сөз.
Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми- көпшілік еңбектер жазған Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамметұлы, Ж.Күдерин, Е.Омарұлы, С.Қожанұлы,М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс.
Осы аталған авторлардың әрқайсысының салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттатары аталған зиялылардың еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атап жүргеніміз белгілі. Әрине, өте дұрыс. Алайда оның қазақ терминологиясының негізін қалаушы ғалам- ретінде қараудың себептерін әлі де нақтырақ көрсету, ғылыми тұрғыдан дәлелдеудің мәні зор. Біз төменде осы мәселе төңірегінде ой өрбітпекшіміз.
Кезінде М. Әуезов, Е. Омарұлы, С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанов сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он жылдай уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әр түрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай өз үлестерін қосуда, Р. Сыздықова, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбев, М. Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жарияланған еңбектері соның дәлелі бола алады.
Бір басынан мамандық табылатын халқымыздың «рухани көсемі», «ұлт мәдениетінің хантәңірі» атанып жүрген алып тұлғалы тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамызда өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби –ғылыми мұрасын жан –жақты зерттеудің маңызы айырықша.
А. Байтұрсынұлы ресми ақталғаннан бері он жылға жуық уақыт ішінде ахметтануға ерекше атсалысып жүрген тілші-ғалым Р.Сыздықова ғалымның тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы және жаңашыл ағартушы, ірі публицист, дарынды ақын екендігін айта келіп былай дейді: « Әрине, біздің сипатымыз- өте жалпы айтылып,қысқа қайырылған түйін. А. Байтұрсынұлының ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік қөзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу-алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы [1,28].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары

КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Бие сүтінің химиялық құрамы

Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың зардабын жою шараларын, адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайтын ұғым - өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі. Өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-катысының, шаруашылық нысандарының түракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау кұралдарының қолдануда пайда болатын апат ошақтарының зардабын зерттеп қүтқару шараларың қарастырады.
Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәнін студенттерге оқытудың басты мақсаты, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда халық шаруашылық нысандарын қорғауда, бүл ұйымның әскери емес жасақтарының іс-жүзінде атқаратын жұмыстарын үйрету.
Бейбіт және соғыс кездерінде төтенше жағдайлар пайда болады.
Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзу мүмкін, авария, зілзала немесе апат салдарынан бір аумақта туындаған жағдайды айтады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Халық шаруашылығындағы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-АҚты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні – деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға – деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.
Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты - тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аудурылуда.
Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1]. Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.
Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | З.Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы

КІРІСПЕ
Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді.Бұл тікелей әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады.
Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады. Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал, екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады. /19, 146/
Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін игеруге үлесін тигізеді.
Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс – тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін қарастырады.
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат – мүддесі, тіршілік әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.
Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі./1, 5/.
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға, екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу.Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбекті аударма туынды деп атайды/2, 9/.
Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, ауысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі – аударма. А.Пушкин “аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген /2, 23/. Осыған орай, М.О.Әуезов аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың шығармашылық сырына қанады.Оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой - өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан шығармашылық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады.
Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ендеше, М.Қаратаев ағамыз айтқандай, көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, шығармашылық әдебиеттің құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысуы керек.
Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады.
Аударма мәселелері соның ішінде көркем аударманың проблематикасы тамырын тереңге жайып жатыр. Ол бастауын Ежелгі Римнен алады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон аудару кезінде сөзді санамау керек, керісінше сөзді салмақтау керек деген /3,8/.
Ө.Күмісбаевтың пікірі бойынша – көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларын басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Негізінен аударма саласы мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды. Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С. Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды. Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | SCADA жүйесі негізінде тау-кен жыныстарын жарылу процесіне дайындау технологиялары

Кіріспе
Тау-кен өндірісі ғылым мен техниканың жер қойнауын игер,пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын қамтитын сала.ежелден келе жатқан салардың бірі болып табылады. Негізінен өндірістің бұл түрі жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Барлау жұмыстары жүргізілген сон ғана кен қазу жұмыстары(кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б. жүргізіліп, тағайындалған технологиялармен қазыла бастайды. Қазіргі таңда кез-келген өндіріс түрінде ақпараттық технологиялар қолданылады. Тау-кен өндірісіндегі ,ақпараттық технологиялар, өндіріс жағдайында жасалынатын жұмыстарды тез әрі сапалы етіп жасауға зор үлесін қосады. Пайдалы қазбаларды өндіруден қалыптасатын , өндірістік процесстердің ақпараттық қолдауды дайындағанда оларды өңдеудің әртекті модельдері мен алгоритмдері қолдануы тиіс. Әлемдік нарықта
интеграцияланған тау-кен жүйелеріне арналған көптеген бағдарламалық өнімдер ұсынылады. Мысал ретінде, үш өлшемді кеңістікте тау-кен
жыныстарының визуалициясы, кен орындарының геостатикалық анализі,жер асты және жер үсті жұмыстарын жоспарлау сияқты бағдарламалық өнімдер ұсынылады. Тау техникаларының көптеген түрі өндіріс кезінде автоматтық басқаруды және де бақылауды қажет етеді. Бұл талаптарды орындау үшін басқарудың авматтандырылған жүйелері қолданылады. Ол тау техникаларында орналасқан мобильді компьтер мен орталық диспетчер пультынан құралады. Дипломдық жобада SCADA жүйесі негізінде тау-кен жыныстарын жарылу процесіне дайындау технологиялары қарастырылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық