Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметованың лирикасы

Кіріспе
Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы

Торта тұқылар тұқымдасына жатады. Біздің су қоймаларымызда мекен ететін бұл балық – кеңінен таралған балықтардың бір түрі. Торта сияқты сондай кеңінен таралған және барлық жерде болатын басқа балықтар табылмайды. Торта балығын барлық жерден, яғни кішкене өзендерден және тіпті үлкен су қоймаларынан кездестіруге болады. Торта балығының аулау объектісі ретінде кәсіпшілік құндылығы ерекшелігінің болмауына қарамастан, оны көп мөлшерде аулайды.
Қазақстанда ең көп санды негізгі жергілікті балықтардың тұқымы ретінде торта балықтары кең таралған және олар кездеспейтін өзендерде де табылады немесе өте сирек кездеседі, сондықтан ол барлық балықтың көп бөлігін құрайды. Торта балығы біздің өзендеріміздің сағаларында және көптеген көлдерде әрі су қоймаларын мекендегендіктен, біз оны өз зерттеуіміздің объектісі етіп таңдадық. Тортаның өте құнсыз балық болатынына қарамастан, оны тек жергілікті түрде тұтынатындықтан, өзі арзан болған соң, ол төменгі класстағы балықтарға азық ретінде қызмет етеді және осынысымен өзіне баса назар аударады, сол сияқты біздің тұщы суларымыздың ең көп мөлшердегі балықтары болғандықтан, оларға қатты көңіл бөлінеді. Тоғандардың және көлдердің иелері үшін тортаның басты рөлі жыртқыш әрі біршама бағалы балықтарға олардың азық ретінде қызмет етуі болып табылады, демек, торта бірінші немесе екінші жылы олар арқан балыққа, ал одан кейін шортандарға ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным

Кіріспе
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы кезінде қазақ қоғамының даму процесінде тұтас халықтық сана ояна бастады. Бұл кезде ақын жазушылар біріншіден, қазақ қоғамында жаңа бір заманның туа бастағанын бағалай алса, екіншіден, ілгері талпынудың жалпы қоғамдық сипат алғандығын сезеді.
XIX ғасырдағы көп ақындармен салыстыра қарағанда XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ақын жазушыларының бәріне дерлік тән ерекшелік бұлар өзге көршілес халықтардың мәдениет пен өнер саласында қазақ халқынан әлде қайда ілгері кеткендігін ерекше тақырып етіп жырлады. Мұнда олар Шортанбай мен Әбубәкір сияқты сол халықтардың мәдениет пен өнер жаңалықтарын жек көру тұрғысынан емес, керсінше олардан үйрену, үлгі алу тұрғысынан мәселе көтерді, қазақ халқының мәдени мешеу дәрежеде отырғанына жанымен қиналды. Бұл салада қазақ ақындарының көбі білім мен өнерді орыс қауымынан үйрену керек екендігін, олар ғылым, білім саласында көп ілгері кеткендігін атап, шығармаларына арқау етті. Бұл тілек барлық ақынның арманына айналды. Осы тілекті жүзеге асыруға бар ақын өз шамасынша ізденді, еңбек етті.
Бірсыпыра ақындар өз шығармаларында қазақ халқын надандықта қалдырып келген не нәрсе деген сұраққа жауап іздеді, надандықтың шектен асқан сорақы көріністерін суреттей отырып, олардың осы жолдан шығуының себебін өнер- білімнен іздеді. Соның бірі Ғұмар Қарашев.
Қысқа ғұмырында надандықтың торын бұзып шығып, ауыл молдасынан қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген Ғұмар Қарашев - XX ғасырдың басындағы тұлғалы қазақ ақындарының бірі. Қаламгерлердің біреуі оны зор ақын десе, екіншісі көрнекті қайраткер деген баға береді. Екі пікірдің де қисыны бар. Ғұмардың көптеген ақын жазушылардан ерекшелігі- өз заманының саяси қайраткері, ақыны, философы, педагогы болуында. Ол- туған халқының назарынан елу жыл бойы тыс қалып, атына қара күйе жағылып, шығармалары "кілтке салынып", жазықсыз аластатылған аяулы халық перзенті.
Ғұмар Қарашұлының өз өмірі де жарқын болашақ халқының жарқын болашағы мен бақыты үшін арпалыспен өтті. Оның баға жетпес мұралары да талай соққыға ұшырап келеді. Ол - заманның басты мәселелерін жырлап, елінің сол тұстағы міндетерін толғаған ақ ниетті адал жан. Ғұмар Қарашев- қазақ газеттерін ұйымдастырушы ретінде танылып, сол газетте жарияланған танымдық мәні зор мақалалармен көрінген алғашқы қазақ публицистерінің бірі. Осы орайда біз 1958 жылы Англияда жарық көрген "Орта Азия" әдебиеті атты жинақтағы ағылшын ғалымы Томс Виннердің "Ғұмар Қараш″ деген мақаласында: "Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ислам мәдениетін жырлаған ақын жазушылардың бірі – Ғұмар Қараш араб, парсы, шағатай, татар әдебиетімен діни мектептің қабырғасында жақын танысқан”[1,3],-деп көрсетеді. Осы мақала Ғұмар Қараштың өз дәуірінің айнасы болғандығын дәлелдейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Көркем аудармадағы баламасыз лексика

КІРІСПЕ
Аударма – әрбір мемлекеттің, әрбір халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Адамзаттың тіршілігінде рухани мәдениеттің қалыптасып, дамуы негізінен ел мен елдің өзара қарым-қатынасы, түрлі саладағы байланысына бағытталатыны айқын.
Аударманың міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиет аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің ұлы жауһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.
Көркем аударманың мәселелері әрқашанда тек қана жазушы-аудармашыларды емес, әдебиетші, лингвист ғалымдарды қызықтырған. Себебі ол әртүлі мәдениеттердің, ұлттық әдебиеттердің бір-біріне ықпал етуінің дәнекері. Жалпы көркем аударманың қай жанры, қай түрі болсын әлем мәдениетін көркемдік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Бір елдің әдебиетін аудару барысында оның тілдік байлығымен, ұлттық әдет-ғұрып, салтымен, тарихымен, болмыс-бітімімен, табиғатымен, басқа да өзіндік ерекшеліктерімен танысу арқылы олардың мәдени-тарихи үрдісінің диалектикасын үйрену басталады. Көркем аудармадағы ең күрделі және қызықты мәселе – ол сөз таңдау, әсіресе фондық лексиканы басқа тілге аударылуы.. Жұмыста баламасыз лексика, оның түрлері.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Саясат | Қазақстан республикасының сыртқы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.
Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық негіз бар.
Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов, Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі

К І Р І С П Е
Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс.
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді.
Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады.
Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ
МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған.
Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Жеке табыс салығының жағдайы және оны жетілдіру

Жеке табыс салығы жеке табыс иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жеке табыс жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жеке табыс салығы болды. Өйткені, жеке табыс пайдаланушылар жеке табыс иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жеке табыс пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жеке табыс иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жеке табыс салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру , оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ.А. т.б.
Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде.
Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А.Н.Гнецеренов, В.В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді.
М.В.Гнездилов, В.В.Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді.
Фонетика – фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды.
В.В.Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында:
- сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін;
- барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру;
- 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет.
Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек:
- «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу.
- Ақыл-ойы кем балаларының а)фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары

Кіріспе
Бюджеттік құралдардың қалыптасу ,бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда,яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен оларды негізгі мақсаттарда, әрі қарай тереңдетуге,білім мен денсаулық сақтауды дамытуға ,индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тәуелсіз еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын өсірудің бірден бір саласы бюджет екеніне көз жеткізе түсінгендей болып отыр, десекте сол бюджеттің нарық талабына сай қызмет етуіне баса назар аударып жетілдіру үстінде. Қазақстан бюджетін дамыту жүйесін қолға алып әлемдік дамыған мемлекеттердің даму деңгейіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің экономиканы реттеудегі рөлі зор екендігіне баса назар аударуда.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақтан Республикасының бюджет жүйесі мен салық жұйесінің жылдан жылға жаңаруы, бюджет кодексі мен салық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне себеп болып отыр. Ол дегеніміз мемлекетіміз бір орында тұрмай экономиканың бір ыңғай немесе үнемі қозғалыста болғанының белгісі, экономикамыз іштей және сырттай дамуы ол халқымыздың әл ауқатының түзелуі мен мемлекетіміздің тыныштығы деп білем.....
Дипломдық жұмыстар
Толық