Отбасы Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын. (22 сөз)
Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның қиыр солтүстік батысында, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан. Облыстың жалпы шекарасының ұзындығы 2274 шақырым, соның ішінде Ресеймен мемлекеттік шекара - 1400 шақырым, Қазақстан облыстарымен - 847 шақырым. Облыс солтүстігінде және батысында Ресей Федерациясының Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград облыстарымен, ал шығысы мен оңтүстігінде Қазақстанның........
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп.....
Май жұлдызының бас кезі. Жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген......
Әкеміз үш ағайынды кісі болатын. Өздері сондай ұйымшыл, аз ғана шаруаларын ортақ ұстап, біріне-бірі үнемі жалғасып отыратын еді. Сондықтан өз малдарын өздері бағып, біріне-бірі үлкен, кішілік етпейтін. Мал түлігі болғаннан бастап, жазда аз ғана жылқыны бағу, қыста түйе, сиыр сияқты ірі қараны өріске шығарып, кешке қораға.....
Қырман қызып, қамбаға астық құйыла бастаған шақ еді. Бала-шағаға дейін қырман қызығында жүретін-ді. Ерсілі-қарсылы егіз арбалар қырман мен егістік арасын ақшаңдақ жолға айналдырды. Аумағы алты қанат үш үйдің орнындай қырманда алты түйе шырқ көбелек айналады. Жас сабан сары түйедей әп-сәтте үйіліп.....