Қырманда
Қырман қызып, қамбаға астық құйыла бастаған шақ еді. Бала-шағаға дейін қырман қызығында жүретін-ді. Ерсілі-қарсылы егіз арбалар қырман мен егістік арасын ақшаңдақ жолға айналдырды. Аумағы алты қанат үш үйдің орнындай қырманда алты түйе шырқ көбелек айналады. Жас сабан сары түйедей әп-сәтте үйіліп қалады. Үстінде бала-шаға асыр салады. Бір топ қатын-қалаш жел жақта тары ұшырып жүр. Ағаш күректермен ақ маржан тарыны көсіп-көсіп алады да, жоғарыдан төмен суылдатады.
Баданадай-баданадай алтын дәндер шаң-тозаңнан арылып, жал-жал боп үйіліп жатады. Сол мол ырыздықты еркін кешіп, ұзын шұбақ жаюлы жатқан алашалардың үстіне әкеп бірнеше адам тарыны шапшаң-шапшаң електен өткізеді. Қиқым-сиқымнан әбден тазартысымен қапшықтап, таразыға салып, ауыздарын шуда жіппен сықита тігіп, дереу арбаға тиеп, қоймаға жөнелтіп тұрған екінші топтағылар да айрықша қам-қарекет үстінде еді. (125 сөз)

Қарап көріңіз 👇
kz | Диктанттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ тілі Қырманда диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Қырманда