Үйлену тойға арналған құттықтаулар, тілектер

Қазақ - тойшыл қауым. Онымен таласымыз жоқ. Әйткенмен шешен бабаларының ұрпақтары бүгінде қуанышқа жиналса, ауыздарына сөз түспей біраз қысылып қалып жатады. "Өмірлік тілектер" болып сақталған "Көлдей көңіл, өзендей өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат" тілеу, әрине, артықтық етпейді. Бірақ бұл тілектердің заман тоздырғанына да біраз болды. Жас жұбайларға арналған тілектерді жаңартатын кез келді. Біз сіздерге жастардың неке тойында айтуға болатын біршама тілектер шоғырын ұсынбақпыз. Бастысы – тілегіңіз жүрегіңізді жарып шыққай! 

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер

Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
 
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
 
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Өлеңдер
Толық

Ата-анаға жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер

Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа үйге тілектер

  Менің алтындарым, сендер өз еңбектеріңмен және адал терлеріңмен осы үйдің кілтін қолдарыңа алып, оң аяқпен аттап отырсыңдар. Бұл үшін біз тек қана қуанамыз. Бүгін жаққан ошақтарыңның оты ешқашан сөнбесін. Екеу болып аттаған жаңа қоныстарың үбірлі-шүбірлі болған кезде, үлкен қара шаңыраққа айналсын! Біздей жас жұбайларға осындай пәтер жұғысты болсын.



Жаңа қоныстан қуаныш арылмасын. Осы үйдің табалдырығын жақсылықта ғана аттайық. Осы үйдің дастарханы қуанышқа ғана жайылсын! Қоныс құтты болсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Тілашар тойына құттықтаулар мен тілектер

Шаттыққа толы болсын келер күндер,
Нұры ғой көзіміздің көгершіндер.
Аман қыл құртақандай құлындарды,
Аруақтар, желеп-жебеп жүресіңдер?!

Адамдар артқан екен ұрпаққа үміт,
Солардың арқасы ғой, тұрсақ күліп.
Еңбектеп....

Құттықтау, тілектер
Толық

14 ақпан - Валентин күні

Мен Валентин күнімен құттықтаймын және махаббат әрқашан жүрегіңде өмір сүруін, жаныңызда жылы және қуанышты болуын, өмірде бәрі ойдағыдай болуын, жақын жерде әрқашан қажетті және сүйікті адам болуын тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық