Ата-анаға жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз!
Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан — ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!
Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!
Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2020 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер. Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін! Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл болсын!
Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!
Қажетті сілтемелер:
- Жаңа жыл тілек пен құттықтау
- Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер
- Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар
- Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар
- Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
- Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
- Жаңа жылға арналған өлеңдер
- Жаңа жылға арналған тақпақтар
- Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаңа жыл, құттықтау, тілек, құтты болсын, жана жыл, ана, анашым, әке, ата-ана