Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар.
Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады.
Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады.
Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі..
Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады.
Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған..
Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы.
Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады.
Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді.
Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі.
Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин.
Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б.
Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды..
Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі.
Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері.
Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi

КIРIСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.
Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.
Осы тұста елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты", - деп атап көрсеткен болатын [1]. Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi оқу-тәрбие үрдiсiнде жасөспiрiмдi оның жас ерекшелiктерiне сай жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi көздейдi.
Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т.б.[2,3,4,6,5,6].
Қоғамның талабы бүгiнгi жастардың тәрбиесiнiң үйлесiмдiлiгiн барған сайын қатаң талап етiп келедi. Әсiресе, бұл тұста жеткiншек жастағы балалардың тәрбиесi аса үлкен мұқияттылықты талап етедi. Бұл кезеңде бала азамат болып қалыптасудың өтпелi шағында болғандықтан оның кейбiр қиыншылықтары мен қалыптасу ерекшелiктерiн педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ашып, талдау жасауды қажет деп таптық. Сондықтан бiз диплом жұмысының тақырыбын "Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi" деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындау, оларға теориялық талдау жасау.
Зерттеудiң обьектiсi: Жеткiншектiк кезеңдегi оқушылардың iс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипатты.
Зерттеу пәнi: Жеткiншектердiң жас ерекшелiктерiне байланысты даму процесi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды.
Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр.
Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын.
Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында атап өтілді.
Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып отыр.
Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу.
Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі.
Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері бар деп болжанды.
Жеке болжамдар:
1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен.
2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда жоғары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау

Кіріспе
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

БӨЛІМ І ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.....

Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері

КІРІСПЕ
Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістер

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Жеткіншек өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор.
Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жеткіншектің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады.
Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік – белгілі бағалы бағдардың және жеткіншектің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістерді анықтау.
Зерттеу нысанасы: жеткіншектің әлеуметтену процесі.
Зерттеу пәні: жеткіншектің әлеуметтенуіне топтық әдістердің психологиялық әсері.
Болжам: тұлғалық өлшемдегі тренинг жеткіншектердің үрейлік деңгейін түсіруі мен әлеуметтік-белгілі бағалы бағдардың қалыптасуына әсер етеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру.
2. Әсер ететін топтық әдістердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын біліп, оларды жастармен жұмыс істеуде қолдануды үйрену.
3. Әсер ететін топтық әдістерге әлеуметтік психологиялық сипаттамасын құрастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мәдени-тарихи теориясы Л.С.Выготский; іс-әрекет теориясы А.Н.Леонтьев; мотивациялық процесс Дж-Арткинсон, Х.Хекхазуент негіздерінен алынды. Ал психикалық даму ерекшелігі Е.Е.Климов, М.Р.Гинзбург, Э.Штрангер еңбектері колданылды. Тренингті топтық жұмыс Ф.Ферлз, В.Саттир, М.Эриксон, Р.Дилтс еңбектері құрайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру , оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ.А. т.б.
Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде.
Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А.Н.Гнецеренов, В.В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді.
М.В.Гнездилов, В.В.Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді.
Фонетика – фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды.
В.В.Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында:
- сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін;
- барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру;
- 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет.
Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек:
- «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу.
- Ақыл-ойы кем балаларының а)фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық