Мағжан Жұмабаев (Шын сорлы)

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,
Қар борап соққан желмен қылып егес.
Кедейлер үсіп-тоңып, дір қалтырар,
Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Түн болып, қара тонын киіп еді,
Қатты жел барлық күшін жиып еді
Ақтарып астын үст қып, гулеп соғып,
Дөндегі қарды ойға үйіп еді.
Д үрілдеп сұп-суық.....
Өлеңдер
Толық

Кәсіби ағылшын тілі сабағында рөлдік ойындарды қолданудың маңыздылығы

Ағылшын тілін меңгеру - заман талабы, ал оны үйретудің тиімді жолдары мен әдістерін қолдану оқытушыға артылған міндет. Кәсіби ағылшын тілін үйретудің маңызды да тиімді әдістерінің бірі- рөлдік ойындарды қолдану болып табылады. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Бүгінгі күннің талабы, шетел тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты – білімгерлерді шетел тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушының алдында тұрған басты........
Рефераттар
Толық

Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық

Cәбит Мұқанов (Сәбидің өліміне)

Дейтін де «бала адамның бауыр еті»,
Бауырымның жарылғандай болып өті,
Барады өртеніп іш!.. Неткен жара!..
Жазуға келер кімнің құдіреті?!
Атасам «Арыстаным, құлыным!» деп,
Сыздайды суырғандай....
Өлеңдер
Толық