Шетел тілі сабағындағы әдіс тәсілдер және білім берудің қыр-сырларын қарастыру.
Шет тілдерін білу қазіргі таңда заман талабына айналуда. Сондықтан да, оқытудың табысы көбіне шет тілін оқыту әдістемесіне және мұғалімнің әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдана білуіне байланысты. Шет тілінде білім берудің негізгі мақсаты - шет тілін практикалық білу. Оқыту барысында шет тілін үйренудің келесі әдістерін қолдануға болады:
Бірінші әдіс: «Эмоциялар күшін қолдану». Яғни, жаңа сөздерді білген кезде оларды өміріңіздегі жарқын және жағымды нәрсемен байланыстыруыңыз керек, әртүрлі тілдік жағдаяттарда «өмір сүруге» тырысыңыз.
Екінші әдіс: «Өзіңе сен». Біздің миымыз губка тәрізді ақпаратты жағымды да, жағымсыз да қабылдайды. Яғни, өзіңізге «мүмкін емес» деп айту арқылы сіз миды оқуға қарсы тұру үшін бағдарламалайтын боласыз. Ешбір жағдайда сіз өзіңізді шет тілін үйренуге қабілетсіз екеніңізге немесе сіз үшін бәрі қиын екеніне сендірмеуіңіз керек. Ең бастысы - өзіңізге сену және кішкене жетістіктерге де қуана білу.