Биология | ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ

1. ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ - HYMENOPTERA
Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.....
Рефераттар
Толық

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Галактика – жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрлі үлкен жұлдызды жүйелер.
Геоцентризм (лат. gео — Жер) — біздің планетарлық жүйеміздің ортасында Жер тұр, ал Күн мен басқа планеталар (ғаламшарлар) оны айналып жүреді деген тұрғыдағы концепция.
Гелиоцентризм (грек. һеlіоs - Күн) — Күн жүйесінің ортасында Күн орналасқан, ал басқа планеталар оны айналып қозғалады тұрғысындағы концепция.
Бірінші жаратылысты-ғылыми төңкерістің нәтижесі - Аристотельдің геоцентрлік жүйе туралы ғылымының жасалуы.
Архимед (б.э.д. 287-212) — ертедегі Грецияның механика заңдарын жұмыс істейтін машиналар құрылмасында іске асыруға талпынған математикалық физиканың алғашқы ғалым-өкілі (иінтірек заңын, салмақ ортасы туралы ілім, денелердің жүзуі және басқалар). ....
Рефераттар
Толық

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.....
Рефераттар
Толық

Алғашқы әскери дайындық | ЖАРАҚАТТАР

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. ....
Рефераттар
Толық

Алғашқы әскери дайындық | Жарақаттар туралы жалпы түсінік

Жарақат — сыртқы себептердің әсерінен туын-дайтын аяқ-қолдың іііығуы мен сынуы, ет ткандерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет ткандерінің түтастығы мен қызметінің бүзылуы. Жарақат алу әсері мехаиика-лық, химиялық (рентген сәулелері, радиоактивтік сәуле, электр жарығы, психикалық шошыну, қорқу) болуы мүмкін. Бшіаларда ең көп кездесетін зақьшдану механикалық әсер етуден (ауыртып глу, соғып аиу, сыну, шығып кегуден) туъшдайды.
Шектелген бір уақыт аралығьгада пайда болған түрғындардың белгілі бір тобындағы жарақат жиын-тығын жарақатгану деп атайды^ Оны түрмыстық, спорттық, көшелік, көлікте жарақаттану деп бөледі жөне бүлар кіші жастағы балаларда жиі кездеседі. ....
Рефераттар
Толық

Алғашқы әскери дайындық | Жарақат олардың түрлері

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Жапырақ

Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ – тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Жаппай қырып жою қаруларына түсінік

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.
Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның салдары

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротильдық эквивалентпен өлшенеді. Тротильдық эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер ( су ) бетінде және жер астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультра күлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
Өткір радиация – гамма – сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп, бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. ....
Рефераттар
Толық

География | Жапониямен танысу

Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1]. ....
Рефераттар
Толық