ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.
XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді бөлу - бұлар ақырында физиканың химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі-эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір ерекшелігі Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды.
Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес болімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда.
Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсыбір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғылымының кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жүзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды-дифференциалдық деп атайды.
Қазіргі уақытта таза түрінде тек қана физикаға, химияға немесе биологияға жататын жаратылыстық-ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ. Бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді. Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен ғылымдардың бірігуінде (интеграциясында) жатыр.
Бірақ бүкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін? Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай - барлық жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ бірдеңе бар ма?

Математика - дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
Итальяндық көрнекті физик және астроном, дәл жаратылыстануды жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) былай деген: "Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін математиканың көмегінсіз шешкісі келсе, ол өзінің алдына шешілмейтін міндет қояды. Өлшенетін затты өлшеу керек жөне өлшенбейтінді өлшеуге келтіру керек".
Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр түрлі қарапайым өлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Өз дамуына қарай дәл жаратылыстану бірте-бірте жоғары математиканың жетілген арсеналын қолданады.
Математика қисындық түйін және Табиғатты танып-білу құралы ретінде - ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін алты ғасыр бұрын шындап шұғылдана бастаған. Б. з. дейінгі VI ғасырдан бастап гректерде Табиғаттың ұтымды құрылғаны жөнінде ұғым қалыптасты, ал барлық құбылыстар дәл "математикалық" жоспар бойынша өтеді деп есептеді. Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384) өзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ұран ретінде мына сөздерді жазды: "Геометрияны білмесең - кірме". Галилео Галилей өз шығармаларының бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген түкке тұрмайтын дәлелдерін салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін білетін адамға түсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды.
Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің "Жаратылыстанудың метафизикалық бастауларында" былай дейді: "Табиғат туралы кез келген жеке ілімде ідын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына) қарап табуға болады". Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сөздерін де келтіруге болады: "Математиканы қолдану сәтті болғанда ғана ғылым өз кемеліне жетеді".
Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жұмыс жасау кезінде, одан кейін де А. Эйнштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа және күрделі бөлімдерін зерттеп қолдануда 40 өзінің білімдерін жетілдіріп отырды.
Ұлы адамдардың барлық айтқандарынан (мұндай пікірлерді өте көп келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды тұтастырып біріктіретін және оған біртұтас ғылым ретінде қарауға мүмкіндік беретін "іргетас" деуге болады.

Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
Жүйелер туралы ілімге сәйкес күрделі құрылымды жүйелердің маңызды қасиеті - иерархиялық принцип (hierarchia деген грек сөзінен - өзара бағыну), сонымен қатар оларда құрылыстың немесе ұйымдастырудың бірнеше деңгейінің барлығы болып табылады. Жоғары ұйымдастырылған жүйелерде олардың жүйешелерінің немесе құрылымдық деңгейлерінің иерархиялық принципі толығырақ, айқынырақ корінеді. Мұндай жүйеде енді жүйешелердің тең құқықтық принципі емес (немесе үйлестік, келісімдік принципі), керісінше, өзара бағыну, басқаша айтсақ, субординация принципі жүзеге асырылады.
Иерархиялық принцип жаратылыстық ғылымдарда бар. Алғаш рет оны француз физигі Андре Ампер (1775-1836) көрсетті, ол өз кезіндегі белгілі жаратылыстық ғылымдарды табиғи топтау принципін табуға әрекет жасады. Ол өзі жасаған Табиғат туралы ғылымдардың бейнесін тереңдігі жағынан әр түрлі идеялар мен түрлі дәлдіктегі тәжірибелік материалдан тұратын "бірыңғай жүйе" түрінде берді. Физиканы ол ең негізгі ғылым ретінде бірінші орынға қойды, химияны (физикадан шығарғандай) екінші орынға қояды.
XIX ғасырдың ортасында бірқатар табиғат зерттеушілері мен философтар ғылымдар иерархиясының дәйекті төрт саты түріндегі идеясын ұсынды: механика, физика, химия, биология.
Жаратылыстық ғылымдардың мұндай субординациясы туралы идеялар бүгін де кеңінен талқылануда. Мұнда өте маңызды бір проблема ерекшеленеді: барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды физикаға апарып қосуға бола ма? Мұндай "жоғарғыны" "төменге" қосу редукционизм деи аталады (reductio - қайтару, бұрынғыға қосу деген латын сөзінен). Бұл көзқарасқа сәйкес барлық химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысын физикалық білімдердің көмегімен түсіндіруге болады. Бірақ бұған қарама-қарсы басқа да пікір бар: материяның әр түрі мен оның әрбір күйі (физикалық, химиялық, биологиялық) бір-бірінен соншалықты оңашаланған, тіпті олардың арасында "тіке өткелдер жоқ". Ортадағы синтетикалық көзқарас жалпыға танымал болып шықты: химияны да, биологияны да белгілі бір дәрежеде физикаға қосуға болады, басқаша айтсақ, физикалық білімдер арқылы түсіндіруге болады. Жаратылыстық ғылымдардың өзара байланысын сипаттайтын келесі идеяның да маңызы аз болмай шықты. Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияда, ал биологиялық білімдерді физикада қолданудың үлкен роль атқаратындығы бүгінгі күні толық дәлелденген. Бұл бағыт холизм немесе интегратизм деп аталады. Шынында да, тірі ағзада жоғары енімді химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар жүріп жатады. Бүгінгі күні "тірі табиғаттың химиялық тәжірибесін игеру" химия мен химиялық технологияның дамуының маңызды бағыты болып табылады.
Шын мәнінде, редукционизм мен холизм бір-біріне қарсы тұрмайды. Олардың айырмашылығы ғалымның ой қозғалысының бағыттылығында: берілген құбылысты түсіндіруде ол жаратылыстық-ғылымдық білімдердің төмен жатқан деңгейін қолдана ма, әлде неғүрлым жоғары ұйымдастырылған обьектіге бағыт ұстай ма. Бұл екі әдіс бірін-бірі толықтыра отырып, барлық жаратылыстануда қолданылуы мүмкін және қажет.
Бұдан басқа, негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп түр. Психология жоғары орында түр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.
Мұны төмендегі сызбаның көмегімен бейнелеуге болады:
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ



Циклділік - бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Әр тәулік сайын түн күнмен ауысады, жыл сайын көктем шығады. Өсімдіктер солып, Жерде тұқым қалдырады, олардан жаңа тіршілік пайда болады. Осылай қайталанып отырады. Тіпті, Ғалам да қазіргі космологиялық тұжырымдама бойынша әрқайсысы, ең соңында қарапайым бөлшектерден тұратын, олар да, өз кезегінде квазитұйықталған әлемдерді құрайтын, тұйықталган макродүниелер жүйесі болып табылады. Сондықтан да ортақ зерттеу обьектісі Табиғатқа тән қасиеттердің жаратылыстық ғылымдарда да болуы танданарлық нәрсе емес.
Ендеше, қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір-бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір-бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты керсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады. Қазіргі заманғы жаратылыстануға деген қызығушылық оның қоғам өміріндегі үлкен маңызына байланысты.

Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесі
Қазіргі заманғы постиндустриалды қоғам технологиялардың прогрестерімен, инновациалық (инновация - жаңалық) экономикамен, өндіріс аймақтарының бөлінуімен әртүрлілігімен, творчеетволық еңбек көлемінің көбеюімен сипатталады. Еңбек құралдары, өндірістік машиналар, тұрмыстық техника құралдары күнбе күн өзгеруде. Өңдірістің жаңаруының және пайда түсірудің негізгі факторыида адамның ролі, оның интеллектуальды және творчестволық мүмкіншіліктері күшейіп келеді. Информациялық кеңістікті игерудің күшеюіне байланысты өркениеттің (цивилизация) жаңа даму сатысы келе жатыр. Осы жағдайлар қоғам еміріндегі жаратылыстану ғылымының маңызын арттырады, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары білімділікті талап етеді.
Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты - үлкен жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесінде Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін жасау.
Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар - астрономия, космология, космогония және физика.
Астрономия - жұлдыздар туралы, олардың құрылысы мен қозғалысы туралы ғылым.
Космология - белгілі космолог A. JI. Зельмановтың анықтамасы бойынша (1913-1987), өзіне астрономиялық байқамалармен қамтылатын Әлемнің бүкіл теорияларын жинақтайтын біртұтастық Бүкіләлемдік физикалық ғылым.
Космогония ғылымы, космология сияқты бүкіл Әлемге назарын аудармай, тек қана тікелей берілген әлемді, космосты қарастырады, ең алдымен оның шыққан негізін зерттейді.
Ал физиканы алсақ, ол астрономиямен, космологиямен, космогониямен сипатталатын бүкіл Әлем құрылысының, бүкіл жаратылыстанудың керекті теориялық негізін (фундаментін) жасайды,
Қазіргі заманғы космологияда тікелей бізге берілген әлемге біз жалпы өзіміздің жер шарымызды және барлық космостағы аспан шырақтарын, оның ішінде Күнді және оның айналасындағы барлық планеталарын, Құс жолының барлық жұлдыздарын (оның біреуі біздің Күн), Метагалактиканың барлық галактикаларын (оның біреуі біздің галактикамыз - Құс жолы), сондай-ақ барлық планетааралық, жұлдыздараралық и галактикааралық ортаны жатқызамыз.

Әдебиет

1. С.Д.Фазылов, З.М.Молдахметов, А.М. Ғазалиев. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары, Алматы 2003 ж. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру