Экономика | Бағаның құрылысы

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты.
Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Бағаның нарық жағдайы

Нақты нарықтық жағдайдың өзгерістеріне фирма үнемі бейімделіп отыруы қажет. Әзірленген баға стратегиясы бағалар прейскурантын жасап шығарудың негізі болып келеді. Олар каталогтар, жобалар, дилерлердің тапсырыстар бланкісін жасау үшін негіз болып табылады. Егер бағалар өзгерсе, онда каталогтар мен жобаларға да түзетулер енгізіледі.
Бағалардың бейімделуі мынадай тәсілдерді қолдану негізінде жүргізіледі (40):
1. Илімді баға белгілеу— бағаны саудаласу арқылы қою. Зергерлік дүкендер, автомобиль дилерлері, «бүрге базарлар», жылжымайтын мүлік брокерлері, антиквариат сатушылары осы саясатты жиі қолданады. Жасалған мәміленің тиімділігіне қарай сауда қызметкеріне комиссиондық сыйақы төленеді.
2. Дисконттар. Дисконт - бұл тауар бағасының жеңілдігі. Мысалы, мейрамханада ішілген шараптың алғашқы екі рюмкасын құйылған баға бойынша төленеді, ал үшіншісі -тегін беріледі. Алайда, үшінші рюмканың құны алғашқы екі рюмканың құнына кіруі мүмкін. Дисконттар ақшалай және заттай түрде болады. Заттай дисконтқа сатып алушыға тегін берілетін қосымша тауар жатады.
3. Бағалық сызықтар. Мұндай бағаларды есептеген кезде өнімнің өзін-өзі өтеу нүктесі анықталып, тауардың сапасы мен бағасының арасындағы байланысты көрсететін бағалық сызықтар түзіледі. Оларды жасап шығарған кезде төмен, орташа және жоғары баға түріндегі диапазон белгіленеді. Бұл бағалар анық болуы және бір-біріне жуық болмауы керек.
Әрбір сызық бойынша фирманың ықтимал табысы есептеліп шығарылады. Бағалық сызықтар бөлшек саудаға барлық бағалар диапазоны бойынша тауарлардың үлгілерін ұсына отырып, олардың ассортиментін көбейтуге, өткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдеседі.
4. Психологиялық әсерді қолдана отырып, бағаларды жасанды түрде көтеру.
5. Базалық бағалар көбіне дискриминациялық бағаларды қолдану арқылы түзетіледі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр

Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін.
Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр Кеше Бүгін Ертең

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр ғарыш кешені

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.
Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.
Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі.
Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.
Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр космодромы

Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға беруліде.
"Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Кіші комиссия Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет деген тұжырым жасады. Тиісті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұлтарыссыз орындауды құқықтық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуге тапсырма берілді. Бұл - бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе", - деді Т. Мұсабаев.
Тараптар сонымен бірге Байқоңыр қаласындағы мектептерде білім беру процессіне қатысты мәселелерді талқылады. "Бұл да маңызды мәселелердің бірі және азаматтардың өз мемлекетінің мемлекеттік стандарттарына сай білім алу жөніндегі конституциялық құқықтарының сақталуына байланысты", -деді Т. Мұсабаев.
"Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары Байқоңыр ғарыш кешенінің аумағынан көшкен немесе Ресей Федерациясының кешенді жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда олардың зейнетақы алу құқықтарына кепілдік беру мәселелеірн одан әрі дәйектеу жөнінде тапсырма берілді", - деді ол.
Сондай-ақ, Т. Мұсабаевтың атап өткеніндей, "Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін реттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Өйткені, ол Қазақстандағы орташа тарифтерден жоғары екені белгілі . Сөйтіп, әлеуметтік мәселелер блогына баса назар аударылды". ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.
Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Бактериялар

Сыртқы пішінде қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері – диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептоккоккалар, төрт-төрттен тіркескоидері – тетрококкалар, сегіз-сегізден текшеленгендері – сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккилар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын – бацилаллар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасуы тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі-екіден қосақтала орналасқан тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалар тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.
Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар — үтір тәріздес, екіншісі — спириллалар — бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.
Айтылып өткен бір қлеткалы-бактериялармен қатар табиғатта көп. клеткалы бір ұшымен белгілі бір жерге бекіген немесе бос күйінде суда жүзіп жүретін жіп тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Бұларға күкірт және темір бактериялары жатады. Жанама бұтақшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микобактериялар тобына жатқызады. Бұларға өкіл ретінде өкпе ауруын қоздырғыш туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар табиғатта клеткаларының құрлысы және пішіні күрделі, сыртын шырыш басқан миксобактериялар класы да бар ....
Рефераттар
Толық