Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені қабыңа .....
Ертеде бір кемпір болыпты, оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек екен. Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз көк сиыры бар екен. Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол, бір қалаға жетеді. Сонда жүріп, әлде қалай базарға шыға қалса, бір шал сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда», - депті. Ермек келе салып: - Бұл сандығыңа не сұрайсың? - депті. Шал: - Сандығыма мың ділда сұраймын, - депті. - Мә ақшаң! - деп, ақшасын санап беріп, сандықты аллып, хат жазып, шешесіне беріп жібереді. Ермек онымен оқи берсін, шешесіне келейік. Кемпір көк сиырдың ертеңгі, кешкі сүтін пісіріп ішіп күнелтеді. Баласын ойлап, анда-санда жылап қояды. Бір күні кемпірдің алдына баласы жіберген сандық келеді. Кемпір қуанып, соны жер үйге бүкшеңдеп.....
Алматықаласы— Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 1,35 млн. адам (2007). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі. Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000 – 5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне.....
Жаңажылдық кеште қонақтарыңыздың көңілін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түнгі 12-ден кейін қонақтарыңыз ұйықтап қалмау үшін біздің көңілді ойындармен таныс болыңыздар. Кештеріңіз қызықты өтсін.