Жәркен Бөдешұлы (Қу бас ат)
Тірі болсаң Қабанбай мінген қу бас ат,
Құйрығыңнан алар ем-ау ту жасап.
Әлдеқашан кетер едік тоз-тоз боп,
Анамыздан батыр болып тумасақ.
Ақын болып тумасақ.
О, қу бас ат,
Қу бас ат.
Қу бас ат.
Толарсағыңмен тусырылған құмды асап.
О дүниеден кісінеші, күмбірлеп,
Бұ дүниеде қалайын мен мың жасап.
О, қу бас ат,
Қу бас ат.
Таға
Көрікті,
Күшті,
Жап-жас қазақсың.
Көш бастадың қаншама.
Әттең,
Әттең,
Атыңды тағаламапсың,
Жүрер жолың тас болса да...
Құйрығыңнан алар ем-ау ту жасап.
Әлдеқашан кетер едік тоз-тоз боп,
Анамыздан батыр болып тумасақ.
Ақын болып тумасақ.
О, қу бас ат,
Қу бас ат.
Қу бас ат.
Толарсағыңмен тусырылған құмды асап.
О дүниеден кісінеші, күмбірлеп,
Бұ дүниеде қалайын мен мың жасап.
О, қу бас ат,
Қу бас ат.
Таға
Көрікті,
Күшті,
Жап-жас қазақсың.
Көш бастадың қаншама.
Әттең,
Әттең,
Атыңды тағаламапсың,
Жүрер жолың тас болса да...
Р.S.
Жел үргілеп өрген бұлт,
Қайырыла алмас бел асса.
Не ойлайды көрген жұрт,
Атың ақсап келе жатса...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаркен бодешев Қу бас ат стихи на казахском жәркен бөдешұлы өлеңдері олен, жәркен бөдешұлы өлеңдері, жаркен бодешев стихи на казахском, жәркен бөдеш өлеңдері, жәркен бөдешұлы олендери, Қу бас ат, жылқы туралы өлең жолдары, ат туралы өлеңдер