Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп......
Ертегілер
Толық

Аңқау мен ұры

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушылап шығады. Келе жатып тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Мұны екі ұры көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп, біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан жүріп отырады. Екіншісі есекті......
Ертегілер
Толық

Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.......
Ертегілер
Толық

Үш қу

Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп ......
Ертегілер
Толық

Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай

Баяғы өткен заманда Қағанақбас, Қылкеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен.
Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сойыпты. Тоқтыны сойып, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа......
Ертегілер
Толық

Қорқау шал

Бір қорқау кісі болыпты. Ол үйленгеннен кейін әйелі бір ұл тауыпты, тұңғышынан кейінгі баласын «шыр» етіп жерге түскенде-ақ әкесі даяр отырады екен де, өзі жеп қояды екен.

Сөйтіп ол жеті баласын жеп қойыпты. Әйелі тоғызыншы балаға жүкті болады. Жалғыз ұлы әкесінің өз балаларын жеп қоятынын білген соң ендігі бауырын аман алып қалуды ойластырады.......
Ертегілер
Толық

Жаһанша

Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.

Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:

— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.

Сонда патша айтыпты:

— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:

— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ертегілер
Толық

Мұстақым

Ертеде Мұстақым деген бай болыпты. Оның еркек баласы болмапты. Он бес жасар әйел баласы болыпты. Байдың байлығы сондай асқан, басқа түгіл патшаға да жеткен. Бай сапарға бір шыққанда отыз қоспен шығады екен. Бір-бір қоста отыз мың сом сауда істейді екен. Күндердің күнінде көп жолдастары бар отыз қоспен саудаға шығыпты. Түстік жерге барып қоныпты. Түсте екі малшысы суға бара жатқанда қалың шөптің арасынан бір адамның қу басын көріпті. Ол қу басқа қараса, екі көзінің ішінен екі көк шөп шыққан. Әлгі екі малшы тамашалап, «қалай шыққан» деп қарап, су алып қайта қайтқанда басты айналдырып......
Ертегілер
Толық

Молда мен сиқыршы әйел

Ертеде бір молда болыпты. Молданың бір оқыған сиқыршы әйелі болыпты. Әйелі үйінде тамақ ішпейді, молданы сиқырлап ұйықтатып тастайды да, өзі ылғи басқа бір жаққа барып қайтып жүреді.
Бір күні молда әйелін аңдиды. Тамақ дайындап беріп, әйелі үйден кетісімен молда жалма-жан киімін өзгертіп, қараңғы түнде әйелінің соңынан ереді де отырады. Әйел бір молаға барады. Моладан жаңа көмілген адамньң етін алып жейді. Мұны өз көзімен көрген молда әйелінен бұрын үйіне келіп жатып қалады. Артынан көп кешікпей әйелі де келіп жатады.
Таңсртең тұрып молда тамаққа отырғанда, әйел күндегісіндей тамақ жемей қарап отырады. Оған молда ашуланып......
Ертегілер
Толық

Қоңыр мерген

Ерте заманда Қоңыр деген мерген болыпты. Ол Қоңырдың өнері көзіне көрінген аң болсын, құс болсын атып жығып, ешбір аңдарды қоймайтын болса керек. Бұл Қоңырдың атқан аңының ішінде неше түрлі обалы тиетін зиянсыз хайуандардың қарғысы тиіп, қараптан-қарап жүріп өзін-өзі не екенін білмей ақылынан адасып, қайда болса сонда жүріп кетсе керек. Бұл Қоңыр мерген иен далаға шығып, қамыстан күрке тігіп, басына пана қылып, не керегін істеп, жан сақтарын білмей, күркенің есігіне кақпан құрып, тышқан ұстап жейтін болса керек.......
Ертегілер
Толық