Төрт дәруіш – ұшқыш кілем

Баяғы заманда қара басы бақ-дәулетке емін-еркін болса да дүниенің ауыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп, жападан жалғыз келе жатады. Аты – Мұратқан. Сонда Мұратқан «не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп, ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген аң білмейді, қайтып кетуге ел-жұртымның қайда қалғанын тағы білмеймін. Көкте екенімді, жерде екенімді қазір білер жан жоқ» деп, төмен қарап аяңдап келе жатыр еді, адамша азынаған бір дауыс құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел-жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға мына дауыс бір түрлі қорқыныш сияқты да болады. «Я, Алла, бұл не ғажап, бұл жерде адам баласы жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса, алдына бір үлкен дәу таяп, төніп келіп қалған екен. Әлгі дауыс қоймай, мұны шақыра бергендей болды. Мұратқан бұл да өзімдей адам шығар деп, тауға қарай жүрді. Биік тауға таяп келгенде, бір үлкен құс сияқты нәрсені көрді. Мұратқан, басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады. «Ей, бері келгін», – деп дауыс берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты құс болады деуші еді, осы екен ғой, мұнан гөрі дұрыстау біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай жүрді. Бір заманда таудың басына жетті.......
Ертегілер
Толық

Ағаш ат

Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген қоңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:

— Бұл көтеріп жүргендерің немене? – деп сауал қойыпты. Тауыс ұстаған жігіт:

—Тақсыр, сіз атыңыз қатарындағы патшалардан асқан ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып, өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген табысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің қолымдағы тауыс - жанды сағат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен мезгілді білдіріп отырады, – деді.......
Ертегілер
Толық

Алып қара құс – Cамұрық

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен.

Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық

Бай мен диуана

Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш әйелі болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкі үзілмейді...

Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «Сендер күнде үй ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған күлеміз де жатамыз депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып, үш қатынымен кезек-кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай:

«Ақымақ жарлы, иірген сақаға несіне күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылын жоқ-ау, менің айтқаным сақа емес еді, әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті......
Ертегілер
Толық

Мардан мен Маржан

Ерте, ерте, ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың Мардан атты ұлы, Маржан атты қызы болыпты. Күн көрерлік азғана малы болыпты. Мардан жеті-сегізге келген сон өздерінің аз ғана қойларын далаға бағып жүргенде қатты боран болып қоймен бірге ығып, елден адасып кетеді.

Боран басылғаннан кейін бала қайда келгенін білмейді. Қойларын санаса, түгел. Мардан жан-жағына қарап қойларын айдап жүреді. Бірақ жол таба алмайды. Дымы құрып шаршайды, қарны ашады. Қойдын ішінде бір үлкен ақ ешкі бар екен. Соны сауып, сүтін ішіп күн көреді. Сөйтіп жүргенде арада біраз күн өтіп, қар кетіп, жаз да шығады.......
Ертегілер
Толық

Жеті жүрек

Ертеде бір сақи* патша болыпты. Патша бір күні үш уәзірін сынамаққа былайша сұрақ қояды: «Уа, уәзірлер, сақилық ниеттен бе, жоқ дәулеттен бе?» Уәзірлері: «Дәулеттен ғой, өйткені мал көп болса сақилық етек алады. Қазына, мал болмаса қандай сақилық болады», – деді. Патша: «Олай емес, сақилық сүйекке бітеді және ниеттен болады», – деді. Уәзірлер оған қарсы жауап айтты. Бір күндерде патша диуана киімін киіп, қайыршы болып бірінші уәзірінің үйіне келеді. Уәзір: «Рұқсатсыз үйіме кіріп, үйімнің ішін былғадың», – деп, қайыршыға ақырады. Диуана аштығын айтып, ас сұрап босағада жылап тұрды.......
Ертегілер
Толық

Күлше қыз

Ерте уақытта Махмұт деген хан болыпты. Күндердің бір күнінде хан қол астындағы халқына тегіс хабар салыпты. «Үш ауыз сөз сұраймын, соны шешкен адамға ат басындай алтын беремін. Қарт болса, ақылшы қылып өз қасыма аламын. Жас болса, орнымды беріп соңына еремін»,– дейді.

Сонымен бар халқы жиналғаннан кейін хан өзінің мақсұтты сұрағын халыққа айтады. Хан: «Бірінші – тәттіде не тәтті? Екінші – қаттыда не қатты? Үшінші – ауырда не ауыр?» – дейді.......
Ертегілер
Толық

Жарлы Сүлеймен

Ертеде Сүлеймен пайғамбардың заманында бір Сүлеймен деген жарлы кісі отын арқалап сатады екен. Бір күні отыны өтпей балалары аш қалыпты. Сол күні түнде Сүлеймен пайғамбар әскерлерімен әлгі жарлы үйінің қасына келіп қоныпты. Таң атқасын жарлы Сүлеймен пайғамбарды көріп арызын айтқалы жүгіріп келеді. Есік алдындағы кісілер оны тінтіп көрді де жіберді...

Жарлы Сүлеймен келіп:

— Тақсыр, сенің де атың Сүлеймен......
Ертегілер
Толық

Қаңбақ айғақ

Ерте заманда бір бай баласы мен хан баласы жолдас болады. Күндерде бір күні екеуі аңға шығады. Келе жатқанда бай баласының ойына бір арамдық түседі.

«Мен мұнан гөрі батырмын, неге осыған бағынамын. Хан баласымын деп, мені ауыр жұмыстарға жұмсайды. Мұны өлтірейін де, ат-тұрманын олжа қылайын», – деген ойға келеді.

Бір азырақ жүріп, бір белестен асып түскеннен кейін хан баласына бай баласы:

— Ал, достым, ажалың жетті,– дейді. Хан баласы сасып қалып, жан-жағына қарайды.......
Ертегілер
Толық

Шамхан мен Сұлтанхан

Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың түні бойы тісі ауырыпты. Тісінің ауруына шыдамай ол түрегеп жүріп, әйеліне:

— Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны қояр ма екен, – депті. Әйелі: «Менің әңгімем сіздің ауруыңызды қойғызарлық қандай қызықты болар дейсің, одан да осында көп жасаған қарт Сұлтанхан деген кісі бар, сол кісіні шақырып берейін. Сізге әңгіме айтып берсін», – депті де Сұлтанханды шақырыпты. Сұлтанхан келген соң, Ыбырайым: «Бір әңгіме айтшы, менің тісімнің ауырғаны басылар ма екен», – дейді. «Тақсыр, есіткенімді айтайын ба, жоқ көргенімді айтайын ба?» – дейді Сұлтанхан. «Естігеннің бірі рас болса, бірі бекер болады, одан да көзбен көргенді айт!» – дейді Ыбырайым.......
Ертегілер
Толық