Эмир Байғазин

Эмир Байғазин - кинорежиссер, сценарист, продюсер, актер
Кино өнерінің даму жолы, болашағы, адамзат баласына тигізер пайдасы мен тарихи маңыздылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жазылып, айтылған пікірлер мен ақпараттар аз емес. Бүгін біз осы киноны жасаушы Ақтөбе облысының тумасы Эмир Байғазин туралы айтсақ дейміз. Ол еліміздің атын шетелде танытып, нағыз авторлық киноны дамытуға үлес қосып жатқан тек азамат. 2013 жылдың ақпанында «Үндестік сабақтары» дебюттық толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып «Үндестік сабақтары» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін "Күміс аю" жүлдесіне ие болды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шахан Жолдасбаев

Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.

Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.
Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Исламбек Төлеубайұлы

Исламбек Төлеубайұлы – «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті.
Ол сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.

Исламбек Салжанов Қобда ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу үшін 250,0 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Рамазанов

Ерлан Рамазанов – балалар хирургі

Ерлан Рамазанов – облыстың білікті бас балалар хирургі. Жұмысын бастаған күннен бастап жас нәрестелерді хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Ерлан Амангелдіұлы Павлодар облысы хирургиясының неонатология саласына үлкен еңбек сіңірген маман. Ерлан сынды білікті мамандардың арқасында Павлодар облысы дімкәс болып туған сәбилерді оңалту бойынша көш бастап тұр. Әлбетте бұл көрсеткішке балалар хирургиясының айтарлықтай үлесі бар деген сөз.

Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады.
Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Елена Шушлебина

Елена Шушлебина – Зеленов аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі

Ақтөбе қаласының 35 жасар тұрғыны Роза Тасқала ауданында туысқандарының үйіне қонаққа келген болатын. Жүктілігіне байланысты таңертең оны туыстары облыстық перинаталдық орталығына жеткізу мақсатында жолға шығады. Алайда жолда жүкті әйелдің толғағы басталғанын байқайды. Шұғыл Переметное ауылынан жедел жәрдем шақырады.

19 шілде күні сағат 11:20 Зеленов аудандық ауруханасына Орал-Тасқала тас жолынан қоңырау түседі. Еңбек демалысына шығуына байланысты дәрігер, акушер-гинеколог қызмет орынында жоқ болған. Алайда бригадамен учаскелік медбике Елена Шушлебина шұғыл жолға аттанады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Хон Юрий

Хон Юрий - Ақтөбе облысындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің аға инспекторы
Юрий Борисович түскі астан кейін әріптесі екеуі күнделікті бақылауға шығады. Келе жатып, оның көзі көлде тұншығып жатқан адамға түскен еді. Бірден көлікті тоқтатып, күннің суығына қарамастан суға секіріп, батып бара жатқан адамды жағаға алып шықты. Қатты тоңғаннан ба, әлде суда әбден дәрмені таусылғаннан ба құтқарылған адам есін жоғалтып үлгеріпті. Юрий әріптесі екеуі жақын маңдағы медициналық бекетке апарып, жас жігітке алғашқы көмек көрсетілді. Өз қызметін мінсіз орындаған Юрий Хон осылай бір адамның өміріне араша болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық