Саясат | Қазақстан республикасының сыртқы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.
Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық негіз бар.
Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов, Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары

КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Информатика пәнінен электронды оқулық құру

КIРIСПЕ
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Информатика” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Delphi курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жер құқығы | Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі

Кіріспе
Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рольды жер ойнайды, ол өзінің пайда болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады.
Эффектілікте көтеру және мемлекеттік басқару сапасы, т.с.с. ұлттық ресурстар біріккен ақпараттық жүйемен бірге ортамемлекеттік басқару жүйесін құру, «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақмерзімді приоритеті болып табылады.
«Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ-жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт-дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі»,- ҚР-ның Президентінің Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты.
ҚР-сы дүние жүзіндегі жермен қамтамасыздандырылған елдердің бірі болып табылады. Біздің ел дүние жүзінде тоғызыншы орында, ал бұрынғы одақтан Ресей Федерациясына ғана жол береді. Республиканың жер қоры 271287мың га-ды құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жердің ауданы 201099,5мың га, бұл барлық жер қорының 74 пайызын құрайды.
Елде өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу процесі, жаңа жер сабы және оған қатысты жер қатынастарының құрылуы жүріп жатыр. Цивилизациялы жер қатынастарын құру және жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері-нарықтық экономиканың негізгі құралы, бүкіл дамыған елдердің кілттік мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру негізі, мемлекеттік жер кадастрын құру жеке жүргізу, оның жердік-ақпараттық жүйелерін автоматизациялау болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | КӨМЕКШІ СӨЗДЕР

Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әр тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді[1,126].
Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық сипаттарына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейді. Олар өз ішінде белгілі заңдылықтарға негізделген бірнеше жіктерге бөлініп, соған орай ыңғайласып, топтасып жатады. Сөздерді топтастыруда үш өлшем негізге алынғанымен де, олар барлық сөздердің бойынан бірдей дәрежеде байқалынбайды. Мәселен, үш белгі атауыш сөздерде анық көрінсе, еліктеуіш сөздер мен есімдікте, одағай мен шылауда ортақ морфологиялық белгісі жоқ, сондықтан оларды тек мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай топтауға болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семаниткалық және морфологиялық белгілеріне қарай атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді.
Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән толық лексикалық мағыналары бар, соған лайық, өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болғандықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяныш есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке дара тұрыпта керегінше қолдана береді. Олар тілдің грамматикалық заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді[2,39].
көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе күрделі мүшенің құрамына енеді немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды[2,40].
Одағай сөздер деп адамның әр қилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді айтамыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, мысалы, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс қатынасы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды. Бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жүре береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Көне Түркі жазулары

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | КӨП АЙНЫМАЛЫ ФУНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС

Компьютерлік математика – ғылымы мен техникадағы жаңа бағыт .Ол кластикалық математика мен информатиканың тиісумен туындайды.Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның прогрммалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде .Компьютерлік математика жүйесі батыстың mathsost,Mathwors,Maple,Wolsrom сукілді фирмаларда жасалған.Mathcad ғылыммен білімніңң және техниканың әр түрлі аймақтарын автоматтандыру үшін математикалық есептеулеге арналған.Жүйенің аталуы екі сөзден құралған,яғни MATHematica ( математика) және САД (Computer Aided Desing –автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ ).Сондықтан MATHCAD-ты математикалық автоматты жобалау жүйесі деп аталады.
2.MATHCAD-тың көмегімен кітап ,диссертация,ғылыми есеп дипломдық және курстық жобаларды тек әртүрлі үлгідегі сапалы мәтін мен ғана емес,ең күрделі математикалық формула жиынтығымен,есептеулермен,графиктік көрністермен дайындауға болады.MATHCAD программаның мұндай мүмкіндіктері электрондық сабақтар,лекциялар курсы,электронды кітаптар жазуда маңызы жабдыққа айналып отыр.сонымен бірге компьютерлік математика жүйесі көркем өнер, графика, линвистика саласында кеңінен қолданыс табылды.MATHCAD-тың жаңа нұсқасында құжаттардың көркем түсті эффектілі құрылғы және графикті аниммациялану,дыбысты қосып шығару мүмкінділігі қосылған.Осы артықшылықтарына байланысты мәтіндік,формулалық және графиктік редакторлар қуатты есептеуіш потенциялды орта жүйесімен беріледі.Өте күрделі тапсырмаларды шешу үшін математикалық және графикалық жүйелер және олардың біргуі қарастырылатын.Бұл жүйе әртүрлі математикалық,графикалық және офистік жүйе қатарымен кеңитетін интегралды қамтамасыз етеді.MATHCAD-ты тек қана математикалық есептерде үшін емес басқада қуатты инженерлік автоматтандырылатын жобалау жүйесін дайындаумен бірге,графиктерді
MATHCAD жүйесінің файлдары .mcd кеңейтілуіне ие болады. Мұндай файлдар текстік форматта болады, сондықтан оларды кез келген текстік редакторда оқуға болады. MATHCAD файлдарының құжатында программаның толық тексті болады.
File менюінің ішкі менюі.
New – жаңа құжат құру.
Open – дайын құжатты ашу.
Close – құжатты жабу.
Save – құжатты сақтау.
Save as… - жаңа атпен сақтау.
Colloborabory – жүйені құрушы фирмамен байланыс орнату.
Internet Setup – Internet –пен модем арқылы байланыс.
Send… - электрондық почтамен немесе Internet-пен құжатты жіберу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Көпполистиктер

Ғылыми анықтама бойынша Электр Тізбектер Теориясы – электрлік материяның жалпы қасиеттерін, қозғалыстарын зерттейтін іргелі ілім. Сондықтан да ЭТТ-ның дамуы басқа ілімдердің өркендеуіне күшті әсер етеді.
ЭТТ – техниканың іргетасын қалаушы ілімдердің бірі. ЭТТ-да ашылған әрбір заңдылық техниканың дәрежесін жаңа сатыға көтереді, өркендеп-өсуіне әсерін тигізеді. Бұған мысал, XIX ғасырда электромагниттік теорияның дүниеге келуі, ХХ ғасырда жартылай ток өткізгіштердің, кванттық лазерлердің ғылыми лабораторияларынан шығып өмірге келуі.
Электрлік тізбектердің 2 түрі белгілі: сызықты және қисық сызықты. Егер, тізбектің кедергісі тек қана токқа тәуелді болса, сызықты тізбек деп аталады.
Күрделі өткізгіштерде электрлік көздер және энергия қабылдағыштар, өлшеуіш құралдар, көмекші элементтер болады. Көмекші элементтерге қосып- ажыратқыштар жатады. Кез- келген күрделі өткізгіштердің есебін алу үшін, алдымен оның әрбір элементін схемалық элементке алмастырамыз. Тұрақты токта 2 негізгі схемалық элемент қолданылады: электр қозғаушы күш және ішкі кедергі.
Электр қозғаушы күш сан жағынан потенциалдар айырмасына немесе кернеу, яғни оң және теріс, кіріс пен шығыс көздерінің энергиясына тең:
Е= ƒ1- ƒ2 = U1,2
Күрделі электр тізбектерінің жұмыс режимін зерттеу көбінесе ток, кернеу және оның әр түрлі тармақтарының қуаттарының арасында байланыс орнығатынын көрсетеді. Сондай- ақ қалған тізбек бөліктерінің жұмыс режимі белгісіз болып қалуы мүмкін, алайда оның барлық параметрлері есепті шешу кезінде қамтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Көркем шығарма тілі мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі; арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» [1, 10-11б].
Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгеретін де осы пән.
Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді [2, 23-25 б].....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Көркем шығармадағы ішкі монолог тілдік түзілімі стилистикасы Ә Кекілбаевтың Үркер Елең алаң романдары бойынша

Зерттеу жұмысының өзектілі: Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды.
Көркем шығарма тілін зерттеу – жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігін қарастыру көркем әдебиет стилистикасы - әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканы байланыстыратын ғылыми саласы, аралық пән. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі.
Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай – салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау – қолтықтары да жоқ емес.
Әрине, көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің, табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қврвнан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты.
Кез – келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды. Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген нысандары өте көп. Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін зерттеуде, ішкі монологтың берілу жолдарын талдап көрсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика ғылымы саласы үшін де аса қажет. Сол себепті көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен – өзіңнің сырласуың, өзіңді –өзің іштей саралау) көрінісі жан – жақты қарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес ....
Курстық жұмыстар
Толық