Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі — «Күзем алу» болып өткізіледі де, үлкен тойға ұласады. «Күзем алып» жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам, ығы-жығы адамдарды көрер еді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің, жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап қарпығанда, жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де, әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. «Қой басты, қой басты»,— деп үлкен үйлердің алдына әкеліп — ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған......
Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.
Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.
Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.
Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.
Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.
Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.
Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.
Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.
Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
«Шертпек» — айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп...
«Қаһарлы-Бану» ойыны Қазақ халық ертегісінің мазмұнында қалыптасып, ұлт ойынының негізін құрайды. Ойынға жиылғандар, жайғасып отырған соң, ойын жүргізуші ойынның мазмұнын баяндайды «Баяғыда анасынан жастайынақ жетім қалған Қаһарлы бір байдың қолында күнелту үшін жалшылықта жүреді. Өмір бойына қарны тойып ас ішпеген, иығы жылтырап киім кимеген жас Қаһарлы байдың Бану деген қызына ғашық болады.
Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн бойы аузын бекітіп, ораза тұтқан әр мұсылман қашан да Алланың назарында жүреді. Дей тұрғанмен, оразаны таңнан қара кешке дейін аш жүру деп ұғатындар да жетерлік. Ораза ұстағанымен, өзін ұстай алмаған адамдардың ниеті де.....
Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.
Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны. ......
Әр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды. Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.......
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады. • Баға теориясы; • Баға жүйесі; • Баға саясаты; Баға құрылу тәсілдері: • Индуктивті; • Дедуктивті; • Диалектикалық Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым. Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады: • Сандық; • Сапалық; Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі. Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.....
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес. Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) байланыста болады. ....
Елімізде экономиканы басқарудың ескі механизмін түбірімен өзгеріс шартты жүргізудің нарықтық әдістерімен ауыстыру жүйелері жүргізудің нарықтық әдістерімен ауыстыру жүйелері жүргізіліп отыр.Қаржы ғылымының мәні қоғамдық өнімді бөлумен жэне осының негізінде ақша жинақтарын,табыстарды құрумен олардың қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне пайдаланудың байланысты болатын экономикалық қатынастарды қарастырады.Қаржы дегеніміз мемлекеттің өмір сүруіне қызмет етуіне тығыз байланысты және мемлекеттің ақша қаражаты жөніндегі қажетін өтеуге бағытталған.Сол үшін ақша қатынастарының жүйесі осы жүйе арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірісті сондай қоғамдардың басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражат жасалып тиісінше бөлініп пайдаланылады.Қаржының обьектісі деп қаржы ресурстарымен ақша қорының қалыптасу қозғалысы жэне пайдаланылуы.Қаржының субьектісі деп қаржы қалыптасуын мемлекет,кәсіпорын,мекеме,ұйым жатқызылады,курстың құрылымы оның тақырыптарымен мәселелерін қарау дәйектілігі,қаржы теориясы туралы ғылым,мазмұнымен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі,сондықтан бұл курсқа біріншіден қаржының тарихы,пайда болуы,қалыптасуы,дамуы туралы.Екіншіден қаржының қажеттілігімен әлеуметтік экономикалық мағынасы ашылады.Оның орындайтын функцианалдық рөлі қарастырылады. Үшіншіден қаржы механизмімен,қаржы саясаты және оның қоғамдық дамуының кезеңдеріне сәйкестеліп отыруына ерекше көңіл бөлінеді.Бұл курста қаржыны басқару мемлекеттік кірістен мен шығындар.Мемлекеттік несие мемлекеттік борыш мәселелері де қарастырылады.Қаржы курсы ақша,несие,банк,мемлекеттік бюджет,салық,кәсіпорындармен ұйымдардың қаржысы,сақтандыру қаржы құқығы,қаржы менеджменті пәндерімен тығыз байланысты.Қаржының мәні қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі даму заңдары қоғамдық экономикалық құрылымына және мемлекеттің таптық табиғатына байланысты ....