Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Рефераттар
Толық

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Өнерпаз)

Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан алар тағылым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта сайран етер болып ғайып.
Тұрғанда бойда қуат, жүрген жақсы,
Аяғың бір күн....
Өлеңдер
Толық

Қазақтың күй өнері (жоспар)

Жоспар:

Кіріспе.
Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.
Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.
Қорытынды.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішігіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы......
Рефераттар
Толық

Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы




Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт»
Ашық сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет.
Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б.
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.
Ашық сабақтар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.
Ұршық

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.
Ұршық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Тілдер күні (Тіл өнері)

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қазақ тілі | Көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданылуы

Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Се-бебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруа-шылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қой-майды. Өткен дәуірлерде.....
Рефераттар
Толық