Фариза Оңғарсынова (Өнер дерті)
"Не жетпейді саған?" ~ деп,
"Неге көңілің алаң?" - деп,
таңданады басқалар.
"Атағың бар, ақша бар,
жаныңды ұғар жас та бар,
аялаған халқың бар
азды-көпті даңқың бар..." -
дегендерін талайды
естіп, қайғы жамаймын,
жаным ашып қараймын.
Елін сүймегендерден,
жерін сүймегендерден,
өзін туған халқының
жанын ұқпағандардан,
қанын ұқпағандардан
әндей терең мұңымды,
сүтін емген тілімді
сезіп білмегендерден
жаным жылап, сенделгем.
Көтергенмен мені өрге,
ойларыма ерем де,
жүре алмаймын желпіне,
жібермейді еркіме,
дауа жоқ бұл дертіме.
"Неге көңілің алаң?" - деп,
таңданады басқалар.
"Атағың бар, ақша бар,
жаныңды ұғар жас та бар,
аялаған халқың бар
азды-көпті даңқың бар..." -
дегендерін талайды
естіп, қайғы жамаймын,
жаным ашып қараймын.
Елін сүймегендерден,
жерін сүймегендерден,
өзін туған халқының
жанын ұқпағандардан,
қанын ұқпағандардан
әндей терең мұңымды,
сүтін емген тілімді
сезіп білмегендерден
жаным жылап, сенделгем.
Көтергенмен мені өрге,
ойларыма ерем де,
жүре алмаймын желпіне,
жібермейді еркіме,
дауа жоқ бұл дертіме.
Алтын сарай үйім бар,
жұрт қызығар күйім бар.
Бала деген - бір мұра,
шеттерінен сұңғыла,
талғамы Айдан жоғары,
өкіндірген жоқ әлі.
Кейбіреуге үй қайғы,
кейбіреуге сый қайғы,
соның бәрі бар менде,
кәрі мен жас сыйлайды,
абырой ма - ол кәміл
бір түйеге сыймайды.
Тақыршақты шөлдегі
көк тіреген өңмені,
рас, шынардаймын мен,
қарыным тоқ, қайғым кем,
алшаңдаудың орнына,
ұқсап бейбақ сорлыға
өз-өзімнен жүнжимін,
таңдайыма құм құйдым.
Ертеңдерді, жерді ойлап,
адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсінсе, көз ілмей,
жаны ауырған өзімдей,
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем,
өнер дертін білмесем!
жұрт қызығар күйім бар.
Бала деген - бір мұра,
шеттерінен сұңғыла,
талғамы Айдан жоғары,
өкіндірген жоқ әлі.
Кейбіреуге үй қайғы,
кейбіреуге сый қайғы,
соның бәрі бар менде,
кәрі мен жас сыйлайды,
абырой ма - ол кәміл
бір түйеге сыймайды.
Тақыршақты шөлдегі
көк тіреген өңмені,
рас, шынардаймын мен,
қарыным тоқ, қайғым кем,
алшаңдаудың орнына,
ұқсап бейбақ сорлыға
өз-өзімнен жүнжимін,
таңдайыма құм құйдым.
Ертеңдерді, жерді ойлап,
адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсінсе, көз ілмей,
жаны ауырған өзімдей,
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем,
өнер дертін білмесем!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Өнер дерті өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өнер дерті