Ғабиден Қожахмет | Байланыс бөлімшесі

Көкесінің жеке іс парағындағы жазулардың басы - оның Ленинград майданының жауынгері болғандығы жайлы жазумен басталған. Көкесінің мектептен кейінгі үлкен өмірдегі жолы осылай басталыпты. Көкесі осының алдында ғана мектепті бітірген. Мектепті бітірген жылы мектеп әкімшілігі көкесін "Өте жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болғандығы үшін берілді" деген мақтау қағазымен марапаттапты. Көкесі соғыстан келе салып, төрт айдай колхоз басқармасының хатшысы болып істейді. Ал сонан соң сол кездегі Қазалы аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрмановтың бұйрығымен жетіжылдық Жданов мектебіне меңгеруші әрі мұғалім болып бекиді. Көкесі бұл қызметті екі жылдан астам уақыт атқарған. Сонан соң ауылдық кеңес жанындағы оқу үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңес хатшысы және кітапхана меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бірақ көкесінің негізгі саналы ғұмырын арнаған қызметі - оның байланыс бөлімшесінің бастығы болып істеген қызметі еді. Көкесіне берілген әр түрлі марапаттар, мысалы, облыс байланыс басқармасы бастығының қолы қойылған Құрмет грамотасы, есімі байланыс қызметкерлерінің Құрмет тақтасына жазылғаны туралы Куәлік, сол сияқты еңбек кітапшасына әр кезеңде жазылып отырған көптеген алғыстар мен ақшалай және бағалы сыйлықтардың берілгендігі туралы жазулар - осы қызметіндегі жемістері.
.....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Морг көшесіндегі кісі өлімі

Сирендер шырқаған неткен ән немесе әйелдер арасында жасырын жүргенде Ахиллдың есімін қалай атады екен? — қаншама шым-шытырық сауалға толы болса да — болжам жасауға болады.

Сэр Томас Браун. Құтыға жерлеу.

Біздің ақылымыздың айырып, ажырата білу қабілетіміз талдау жасауға келгенде тым шорқақ, Біз оны тек нәтижесіне қарай бағалаймыз. Басқа да қасиеттермен бірге адам, әсіресе дарынды адам үшін талдай білу айрықша ләззат қайнары болып табылатынын біз жақсы білеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Мағауин | Тазының өлімі

1

Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
Әңгімелер
Толық

Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

.....
Әңгімелер
Толық

Есірткі - өлімге апарар жол!

Қазақтың біртуар азаматы, ұлтым деп шырылдап жүрген Мұхтар Шаханов жастарға, батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңіздер деп ескерткен болатын. Иә, бұл сөздер қазіргі заманның мұңы да, шыны да. Адамзат баласының дертіне айналған есірткінің қазақ даласына да әлдеқашан келіп үлгергені бәрімізге мәлім. Бойымызға сіңген батырлығымыз, анамыздың сүтімен сіңген адалдығымыз, сонау дәуірлерден бері тамырымызда тулап жатқан таза қанымыз осы бір аждаһаның алдында дәрменсіз күйге түсті. Осынша азғанымыз ба?! Бүкіл жер шарын, адамзат баласын құртып жіберуге шақ қалған бұл кеселге неге дәрменіміз жетер емес? Адамзат бірігіп, қарсы тұра алмайтындай бұл қандай апат болғаны? Әлде жеткілікті деңгейде санамызға сіңіріп, қорғана алмай жүрміз бе?......
Шығармалар
Толық