Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай
Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.
Автор
Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.
Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды.
Мүмкін ажалға араша түстетін Қабанбай мен Тоқтамыс жау өтiнде жүрмей елде болғанда ат құйрығына байланбас па еді, кім білсін? Сондықтан да ажалға араша түсетiн адамдары жоқ болғандықтан қатыгез тобықты билерінің шешімінің құрбаны болды.
Матай мен тобықты руының арасындағы жараның бетіне тұз сепкен күннің өзінде, Кебектi жар қылуға бекiнгені де, алып қашуға мәжбүр еткені де, екi елдiң бәтуасын бұзуға себепшi боп, от тастағанына да, атастырып қойған басқа қалыңдығының бар екендігін білген күннің өзінде осның бәріне Еңлікті кінәлі деп санайтын болсақ та - әділ билердің өлім жазасына кесуі тым артық ақылсыздық еді.
Сонымен бірге бір шеңберден шыға алмайтын надан халықтың - надан салт-дәсүрінің (атастыру) арқасында - екі жас опат болды. Осыған ұқсас сол заманда "әмеңгерлік", "бесік құда", "атастыру" секілді адам санасына сіңбейтін түсінікпен қалыптасқан салт-дәстүрлер талай жасты ана дүниеге ерте аттандырды.
Шіркін! Түндігінен түтіні түзу ұшып, бақыттың бесігінде тербеліп, айрандай ұйып екі жастың бақытты өмір сүргеніне не жетсін. Көгінде қыран құсы самғап, бәйтерегі аспанмен сырласқан, бейбіт те тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Құдайға шүкір ақты ақ деп, қараны қара деп айыра білетін әділ шешім шығаратын ата заңымыз бар. Қазіргі таңда ең бастысы парасатты ойлай білетін, еркіндік пен махаббатқа құрметпен қарайтын саналы қоғам бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасар болсам, "Ағаш бір орында тұрып көгереді"-деген екен даналарымыз. Олай болса жапырағын жайып көгермек болған теректің тамырын кеспейік. Ол өссін, көгерсін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке