Қасым Аманжолов (Отан)

Сүюім Отанымды таңғаларлық!
Шамам жоқ оны өзгертіп жеңе аларлық.
Не оның, қанмен сатып алған даңқы,
Сүйенген өр сенімге тыныштық салты,
Не бағзы заманның өсиеттері
Тербетіп, қиялым бір селт етпеді...
Сүйемін — неге сүйем?
Өзім білмен.......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Біздің дастан)

Сонау кез...
Мұрша болмай ойлануға,
Шыққалы жатыр едім қой бағуға,
Ленин кеп алыстағы аулымызға
Ап кетті көппен бірге мені оқуға.
Сұр бейіт,
Әкем жатқан бір төмпешік,
Алыстап қала берді, оттай өшіп.......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Қытай қызы)

Отырып құрыш қанат самолетке,
Старт, aп шың басынан шықтым көкке,
Бір шолып ұлы Отанның кең алабын,
Көз салдым күндей күліп төңірекке.
Кенеттен кетті денем тітіркеніп......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Құпия қыз)

— Мынау қыз, елден ерек, келді қайдан?
Біле алмай кім екенін, болдым хайран.
Құпия осы қызда бір сыр бар-ау?
Орнаған жүрегіне кішкентайдан.
Кейпінде кейістіктің көлеңкесі,
Сықылды өмірінде көп мұңайған.......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Тамара)

Дарьялдың тар қуысы түнек жұтқан,
Ең түбін үңгіп Терек алабұртқан;
Бір ескі бар мұнара сол арада
Үстінде қара жартас қарауытқан.
Әрі тар, әрі биік бүл мұнара.
Тамара патша ханым тұрған дара.
Ғажайып сұлу бопты періштедей......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)

Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.
Далаға құлап, далиып,
Момынси қапты қуланып;
Каспийге қарап, бас иіп,
Еркелей қапты, тура ағып;
«Кәрия теңіз, мен келдім,......
Өлеңдер
Толық