Қасым Аманжолов (Отан)

 Қасым Аманжолов (Отан)

Сүюім Отанымды таңғаларлық!
Шамам жоқ оны өзгертіп жеңе аларлық.
Не оның, қанмен сатып алған даңқы,
Сүйенген өр сенімге тыныштық салты,
Не бағзы заманның өсиеттері
Тербетіп, қиялым бір селт етпеді...
Сүйемін — неге сүйем?
Өзім білмен.
Сүйем үнсіз даласын құр мүлгіген.
Сүйем көлдей көлкіген өзендерін...
Қиырсыз ормандарын тербетілген...
Ұнатам арба жегіп жол жүруді,
Жолшыбай жүргіншіге жолығуды;
Қыстақтың қайғылы әлсіз отын керіп,
Ұнатам қоналқы аңсап зерігуді.
Ұнатам жанған мекен түтінін де,
Кірешіні далада қонған түнде;
Сарыала ну ішінде аппақ болып,
Көрсем ескен қайыңды дөң бетінде!
Қырман тола үйілсе, алтын астық!
Қамыс, сабан жамылған ескі лашық,
Оюлаған қақпағын, терезесін
Көрсем, мәз боп қуанам көңілім тасып.
Мейрам күні кешқұрым бір топ мұжық
Бірі ысқырып, бірі ән сап, жүрсе қызып,
Тасырлатқан беймаза билеріне
Қараймын түні бойы, керіп қызық

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру