Құттықтау өз сөзімен: туған күнге тілек

Туған күніңмен құттықтаймын! Барлық бастамаларыңызға сәттілік, тілектерді орындау, әрқашан жарқын және жақсы көңіл-күй, өзіңізге сену және мақсаттарыңызға жету. Мереке күндері де, жұмыс күндері де керемет денсаулық, күлімсіреу және күн сайын бақыт пен жылулыққа толы болсын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Өзіме киім үлгісін таңдаймын (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өзіме киім үлгісін таңдаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
4.1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау. «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
• Ым-ишараны қолданып сөздерді түсіне алады;
Оқушылардың көпшілігі:
• Сұрақты түсініп жауап бере алады;
Кейбір оқушылар:
• Сұраққа жауап беріп, өз ұсынысын айта алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ілияс Жансүгіров (Өзіме)

Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап,
Тапсырдым бар ойымды саған арнап.
Көңілім арам ойлап алаңдама,
Алмаққа біреуді алдап, біреуді арбап......
Өлеңдер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Өз обалым өзіме


Қазақта бір ұлы мақал бар. «Бір күнгі қонақ — құт, екі күнгі қонақ — жұт». Осы мақалды өзгертіп айтқанымызда: «Өлерман ауру кісінің айналасында «саған не болды?» деп зырылдап жүгіріп жүреді екен» (это настолько правда, настолько лицемерия 700 другой вопрос). Үшінші күннен кейін естіртіп айтпағанымен, қарт ауру кісіден барлығы зерігеді екен. Естіртіп айтпағанымен, «Қашан өлесің» деп іштерінен ойлайды екен. Бір жеті өткеннен кейін, туған-туысқан былай тұрсын, қойныңда жатқан «адал жарың» аузыңа су тамызбастан, халіңді ойламастан, 14-15 сағат біреудің үйінде қонақта болып, сылқылдап өсек айтып, ұялмастан үйіне қайтып келеді екен. «Қатты ауру» орнынан тұрып барып су ішерге шамасы жоқ, аштан-аш жалғыз жатқан кезінде ойына әртүрлі нәрсе кіреді екен. Өлемін десе, ажал келмейді. Сүйенейін десе, тірегі жоқ. Таңдайы кеуіп жатқан кезінде басында бір тамшы суы жоқ, жақыным деген адал деген жары басқа үйде өсек айтып, қарқылдап отырады екен. Жетім бала — кінәмшіл, ауру кісі — тырысқақ деген қазақта сөз бар. Кінәмшілдік пен тырысқақтықтың екеуі басыңа бірдей түссе, оның үстіне жақын деп жүрген кісілерден көңілің қалса, ауру кісі түгіл сау кісіге өте ауыр. Соларды өз басымнан өткізіп бара жатырмын. .....
Әңгімелер
Толық

Исаев Ерғали (Жаным менің)

Жаным менің жаным менің тынышталсын
Махаббаттан жүрегім тыныштаталсын
Қайғыдан қан жұтып жүргенімді
Біліп тұрып неге сен қазбалайсың
Білесіңбе жаным сеніғана сүйгенімді
Сен маған қарай келесіңбе
Жүрегіме жылуыңды бересіңбе
Сен жоқта жүректің дүрсілі тақтайтынын
Сен жоқта қайғылан қан жатамын
Сен осы сөзіме сенесіңбе
Сен осыны естісең келесіңбе жаным
Өлеңдер
Толық