ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай: — жыныстық қатынас; — вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); —анасынан нәрестеге жүғу арқылы. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі. ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.....
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді. Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т.б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. ....
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу. Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс. Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді. Таза кіріс =кірістер-шығындар Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады. Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы. Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі. Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей: - баға беруге қолданылады. - кіріс пен шығын анықталады (кіріс пайда алу кезінде көзделеді, ал шығын активтің дұрыс орналаспауында белгіленеді) Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды. Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе: - берілгенге дейін - берілу кезінде - берілгеннен кейін Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады: 1.Келісімнің аяқталуы, яғни келісім біткен кезде барлық шоттары жабылады, оның ішінде кірістер мен шығындар шоттары да. 2.пайыздың аяқталуы кіріс, шығын, жалпы табыс әр есеп беру кезінде белгіленеді. Берілу кезіндегі кірістер Бұл негізінде өнім мен қызметті беру кезінде орындалады. Келісім-шартты орындау және түсім алу мүмкіншілігі кірістің белгілеуі бойынша осы сәтте орындалады. Берілгеннен кейінгі кіріс Мұнда екі әдіс қолданылады: бөліп төлеудегі сатылым және шығындардың орнын толтыру. Бірінші жағдайда сату кезінде емес, ақшаны қолға алған кезде ғана кіріс белгіленеді. Екіншісі кіріс белгіленбеген жағдайда қолданылады. Қызмет көрсету бойынша белгіленген кірістер мына әдістермен жүзеге асырылады: - нақты орындаулар (бір операцияны орындағаны үшін алынған кірістердің есебі үшін қолданылады). - пропорционалды орындаулар (көп сатылы қызметтерден белгіленген кірістер үшін қолданылады).....
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санына ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлері мен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, франсуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылды. «Абайды қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді. Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді.Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім » - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Оны өзі бірінші сөзінде былай деп түйіндеген: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: Қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екен білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын... ...Ақыры ойладым..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек.....
Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар. Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді. Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.
2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.
3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.
4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.
5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....
КІРІСПЕ Екінші реттік электр қоректендіру көздері (ЕЭҚК) бұл бірінші реттік қоректендіру көзінің энергиясын ЭК-і мен жүйелердің параметрлерінің сәйкес келетін жиілік мәнді, деңгейлік және тұрақты электр энергиясына түрлендіретін құрылғы. Бірінші реттік ЭҚК-і ретінде ЭК және әдетте айнымалы токтың өндірістік желісін немесе айнымалы автономдық көздерін (генераторлар), әйтпесе тұрақты (аккумуляторлар, химиялық батареялар және т. б.) токтарды пайдаланады. Әртүрлі ЭК мен жүйелерді қоретендіру үшін қолданылатын бұл көздер өте шектеулі екендігін практика көрсетеді. Оның себебі, қазіргі кездегі ЭК-і өзінің тұрақты кернеуін төменгі деңгейде ( 5... 15) қоректенуін талап ететін интегралдық сұлбаларды (ИС) пайдаланумен орындалады. Сонымен қатар, бұл кернеудің ауытқуы берілген мәннен (5...10%) аспауы қажет. Қажеттілік қатарында, мысал ретінде прецизиондық аналогтық құрылғыларды немесе аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштерді қоректендіру кезінде кернеудің қоректену тұрақтылығы жоғары болуға тиіс (0,1...0,01%). 1. Екінші ретті электр қоректендіру көздері Бірінші ретті ЭҚК-нің практикасында қолданылған нақты параметрлер, төменгі талаптардың шартын орындайды: өндірістік желінің және тұтынушылардың кернеу жиілігі сәйкес келмесе онда өндірістік желі айнымалы кернеуді 50 Гц деңгейімен қалыптастырады, ол кезде ЭК-тері негізінен тұрақты токтың, яғни нөлге тең кернеу жиілігі кезіндегі токтың кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.....
Кіріспе Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді. Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. ....
1. Жақсы мінез иесі бір әйел жетпіс әулиеден жоғары. 2. Жаман мінез иесі бір әйел мың жаман мінез иесі ерден де жаман. 3. Жүкті әйелдің екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы. 4. Өз баласын емзірген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке жеке сауап беріледі. 5. Күйеуі үйге шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ» деп айтса, жарты жихат (Алла жолында қызмет) сауабы беріледі. 6. Әйелі күйеуіне, күйеуі де әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса Алла Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды. 7. Күйеуін Алла жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттын үстінде күйеуін қарсы алады. 8. Баласы жылау себебімен түнде ұйықтай-алмаған әйелге жиырма құл азат еткен сауап беріледі. ......