Бөкей (шамамен 1737 — 1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Ә. Бөкейхановтың 4-атасы. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды. 18 ғ-дың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғ-дың 80 — 90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған........
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбайбатыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен......
Білге – Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй, әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. «Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал Білгеқағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады». Бірақ ол құт.......
Қазақақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы Жітіқара ауданына қарасты Желқуар (Забеловка селосы) ауылында туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеген жас қаламгерді Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби....
МұхтарШаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның.......
Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ. Оның себептерін білесің бе? Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір. «Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш....
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей.....
Ерәлі, Ермұхамедәлі - Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның баласы. Ерәлі жастайынан әкесімен бірге хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік, істерге ерте араласады. 1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін басқарған.
Елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылданады. Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарын......
Едіге - Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерлерінің бас қолбасшысы Балтышақтың отбасында дүниеге келген. Бұл дәуір өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Алтын Ордадан іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл.......