Едіге (1352-1419)
Едіге - Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерлерінің бас қолбасшысы Балтышақтың отбасында дүниеге келген. Бұл дәуір өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Алтын Ордадан іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл Алтын Орданың билігі Тоқтамыстың қолына өткен кезде Едіге немере туысы Темір Құтлық екеуі Әмір Темірге барып қосылады. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін Едіге Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді жеке билей бастайды. Ол кейінірек Алтын Орданы да өзіне қаратты. Алтын Орданың ханы деген атаққа Темір Құтлық ие болғанмен, оның шын мәніндегі билеушісі Едіге болды. Едіге Ноғай ордасының да негізін қалады.
Едігенің баласы Нұраддиннің тұсында Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты. Едіге Темір Құтылықпен біге Тоқтамысқа қарсы күресті. 1397 жылы ол Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болды. 1399 жылы Едіге Ворскле өзенінің бойында Литва князі Витовтың және Литваға қашып кеткен Тоқтамыстың әскерін талқандады. Темір Құтылық өлген соң Едіге Алтын Орда тағына Шәдібекті отырғызады. Оның тұсында бұрынғы Алтын Орда иелігі ақырғы рет түгел біріктірілді.
1409 жылы Едіге Батыс Сібірдіпаналап жүрген Тоқтамысты өлтіреді. Дәл осы жылы Хорезмді басып алады. 1407 жылы Едіге Бұлғарда өзін хан жариялаған Жалеләддинге қарсы жорық ұйымдастырады. 1408–1409 жылы Руське шабуыл жасайды. Ондағы мақсаты- Мәскеу княздігін Алтын Ордаға қайтадан салық төлеуге мәжбүр етуі еді. Бірнеше қалаларды (Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Нижний Новгород, тағы басқалар) қиратты.
Мәскеуді қоршады, бірақ оны алған жоқ, Мәскеу князін салық төлеуге мәжбүр етіп, тез елге қайтты.1419 жылы Сарайшық қаласының түбінде Едіге Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: едіге туралы қазақша реферат, едигей туралы казакша реферат, едигей туралы казакша омирбаяны, едіге туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке едигей, биография на казахском языке едигей, биография на казахском языке, едигей, реферат на казахском языке, едіге туралы, қазақша реферат, едіге