Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов

Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Шығармалар
Толық

Мамандық – өмір таңдау

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Эсселер
Толық

Өмір құндылықтары

Өмір – теңіз, тағдыр – кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Халық нақылы

Өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне байланысты. Бірақ , өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.

Өмір, ең алдыменен өз отбасымен құнды. Өзіңізге жақын: еркелетер мейірімді – анаңыз болса, асқартаудай арқа сүйер – әкеңіз болса, өз өсиетімен жөн сілтер – атаңыз болса, рухани адамгершілік тәрбиемен сусындататын ертегішіл – әжеңіз болса, әрдайым қол ұшын берер жанашыр – бауырларыңыз болса, - бұл өмірде сіз ең бақытты жансыз. Себебі,кей адамдар мен балалар үйіндегі балалар отбасының жылулығын сезбей де , білмей де өсіп келеді.

Өмір - жан-жағымызға жақсылық жасап, қуаныш сыйлауменен құнды. «Сыйлық алғаннан гөрі, сыйлықты өзгеге берген жақсы» демекші, бұл өмірде жақсылық жасаған сайын ол өзіңе Алладан екі есе болып қайтады. Бұл арқылы біз өмір – бумеранг екенін түсінеміз. Әйгілі психолог Виктор Франкл да өмір мәнін осылай түсіндіреді......
Шығармалар
Толық

Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуынын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Говард Картер жасаған ғылыми жаңалықтың Ежелгі Мысыр мәдениеті мен әлеуметтік құрылымын зерделеудегі маңызын анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық

Білім - өмірі шырағы

Кітап оқудан тиылсақ,
Ой ойлаудан да тиылар едік.
Ғабит Мүсірепов

Адамның ұлы қазынасы - білім. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл - тозбас киім,білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен- ақ білуге болады. Қазіргі білім беру қызметінің мақсаты - білім «беру» ме, әлде «алу» ма? Қайсысы нәтижелі болмақ? Ал білімді беру болатын болса, ұстаз шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес. Білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында (миында) пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі, қолдануы, талдау жасауы және бағалауы қажет. Осылай ғана білімді игеру мүмкін болар. Оқушы өзін білім игеру процесінің басты тұлғасы ретінде сезініп қана үйренеді. Білімді тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Оқушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Бұрынырақта, білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Сонда мектептен оқушы не нәрсені үйреніп, қандай болып шығуы керек? Осы сұраққа жауап іздесек, Абай атамыздың негізгі өмірлік қағидасы "Адам бол!"-деген ұстаным болса, әрбір ұстаздың басты мақсаты – шәкірттеріне адам болудың жолдарын үйренуіне жағдай жасау және көмекші құралдарын ұсыну керек......
Эсселер
Толық

Өмір өзен ағады

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылулық ұялатады. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске алғанда тіпті ішек қатып, бір күліп те, жылап та аламын. Қазір жасым жиырма алтыда болса да, өткенді еске ала отырып, өмір сүру мен үшін қиын болды. Себебі, отбасымызда бес қызы және әкем мен анам болды.

Үйде әкеміз ғана жұмыс істейтін. Қанша қиналса да бізге білдірмей, сұрағанымызды алып беріп отыратын. Осы жағдайды іштей көріп, балалық шақтан бастап жұмыс жасай бастадым......
Эсселер
Толық

Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс.

Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. .....
Эсселер
Толық

Ахмет Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ
Оқу мақсаты:XX ғ. Басындағы Ресей империясының отарлық саясатының салдарларын анықтайды;
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну Отарлық саясаттың салдарын анықтайтын 4 тірек сөздерді қолданып, отарлық саясаттың салдарын сипаттайды (мыс: 45 млн десятина, соғыс салығы, бұратана, шовинизм)
Сыни ойлау А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» цитатасына талдау жасап, отарлық саясаттың 4 салдарына аргументтер негіздейді, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени аспектіге ажыратады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық