Елдос Сметов Бахтыбайұлы (1992 жылы 9 қыркүйек)

Елдос Бахтыбайұлы Сметов (9 қыркүйек 1992 жыл, Тараз Жамбыл облысы) – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл),Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл)
Халықаралық Дзюдо федерациясы 2017 жылдың қаңтар айында бекіткен тізім бойынша 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұр.
Жеке өмірі
Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Баян Нұрмышева (1982жылы)

«Қазақтың ән базарында сыры мен мұңын қатар өріп «өзіне шақ аспанымен» ешкімді кимелемей, ешкімді кейітпей қазақы иба мен инабатын гитара шанағынан шымырлата бейнелей білген замандасымыз жүр. Ибасы қайдан десеңіз, ән-әліппесін дәстүрлі әнмен ашқан еді. Инабаты қайдан десеңіз, Көкшедегі қазақы ауылда туып еді. Осы ән өнерінің қыр-сырын жүрдім-бардым емес, арнайы оқыды. Өзіне кәсіп етті. Шеберлігін шыңдады, өнерпаздық нәсіп болды. Табиғатына сай әндерді дөп басып таңдай білді, тыңдаушысы тамсанды. Енді жан тебіренісін өзінше бейнелеп, әндер шығара бастады, онысы жүректерге жол тапты»,- деп жазыпты біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы әнші Бекболат Тілеухан.
ҮШ ЖАСЫМДА ДОМБЫРАМЕН, БЕС ЖАСЫМДА ГИТАРАМЕН ӘН САЛДЫМ
Парламент Мәжілісі депутатының бұл лебізі оның бір кездегі шәкірті, бүгінде қалың қазақты әнімен қоса гитара сазына бөлеген әнші-сазгер Баян Нұрмышева туралы. Ол 1982 жылы дүниеге келген. Баян қазір ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің әншісі, осы ансамбльде 9 жылдан бері жұмыс істейтін әнші ақын Күләш Ахметованың сөзіне жазылған өзінің «Жақсылықтың бағасы» атты әніне Жанатбек Бәйтековтің фото-видеостудиясында бейнеклип түсіру жұмыстарымен айналысып жүргенін айтты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар.
Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған.
Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.
Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен.
Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Денис Тен (1993 жылы)

Денис Тен
Олимпиада ойындарының болашақ жеңімпазы 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Кореядағы әйгілі генералдың ұрпағы болғандықтан, көшбасшы және батыл болу маңдайына жазылған десе де болады. Анасы - кәріс, әкесі - еврей, отбасында екі бала бар. Мәнерлеп сырғанаушы "Біздің отбасымызда біреуіміз - спортшы, екіншіміз - өте ақылдымыз. Кімнің кім екенін біліп тұрған шығарсыздар" деп жиі әзілдейтін.
Ата-анасы баласының бойындағы жан-жақтылықты ерте жасынан байқайды. Денис бір уақытта спорттың бірнеше түрімен қатар айналысып, би билеп, ән айтып, сурет салған. Арасында күшін теннис, акробатика және жүзуге бағыттап көреді. Каратэ және тхэквондомен де айналысады. Музыка мектебінде 5 сынып оқып, фортепианода ойнап, хорда ән айтты. Бірақ кейін бұлардың барлығын конькиге алмастырды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тұрсынбек Қабатов (1979 жылы 10 қазан)

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Ол — ешбір өнер мектебін бітірмесе де, тәңір берген талант пен тынымсыз еңбектің арқасында халық ықыласына бөленген жан.
Тұрсынбек Қабатовтың отбасы
Отбасында алты ағайынды, оның үшеуі — ұл, үшеуі — қыз. Тұрсынбек үйдің екіншісі. Ағасы Мырзабек бүгінде өзімен бірге жүріп, барлық жұмысына атсалысады. Оны әзілкештің директоры деп те айтуға болады. Өзінен кейінгі қарындасы Зәмзагүл алматылық азаматқа тұрмысқа шығып, бүгінде осы жерде тұрып жатыр. Бұдан кейінгі қарындастары Баршагүл мен Еркем Орал қаласына өздерінің отбасыларымен қоныстанған. Кенже інісі Мейрамбек те үйленген. Анасы дәл қазір осы інісінің қолында. Балалары аналарын атымен "Типа" деп атайды. Шын есімі Талиға.
Әзілкештің есімін батыр бабасына ұқсасын деген ниетпен нағашылары қойған. Жұбайының аты — Мөлдір, балалары — Әдемі, Айым, Айару мен Нұриман.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ернар Айдар (1991 жылы 13 наурыз)

Ернар Айдар – қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Өзбекстанның Навои облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әнші Ернар Айдардың балалық арманы оны биік белестерге жетеледі. Заңгер мамандығына оқуға түссе де, қолы қалт еткен уақытта өнер академиясын жағалап, дыбыс жазу студияларын аралады. Інісінің бойындағы Алла берген талантын ағасы әрі продюсері Талғат Айдар байқап, барынша қолдау көрсетті. Осылайша әнші 22 жасында өнер әлеміне қадам басады.
Ернардың алғашқы әні әкесіне арналған. "Асыл әке" әнін жас талантқа өнердегі ұстазы Қуаныш Құрманбаев ұсынған. Ернар Айдар бұл әнді алғаш рет әкесінің туған күнінде шырқады. Араға біраз уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев Ернарды белгілі композитор Бауыржан Есебаевпен таныстырады. Сазгердің "Жарығым-ай" әні жас жұлдыздың бағын ашқан туынды болды. Ән бірден хитке айналып, тыңдармандардың жүрегіне жол тапты. "Күнім, сен сөнбеші" әні де халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды........
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұржан Төлендиев (1978 жылы)

Нұржан Төлендиев – актер, "Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры. 1978 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 25 жасында Түркістандағы және Сайрамдағы "Мәдениет үйін" басқарған. 2017 жылы Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды.
Нұржан қалай "Тука" атанды?
Нұржан Төлендиев халыққа "Шаншардағы" қайталанбас образдары арқылы танылды. Ол бұл театрда жүргенде қазақтың сатира өнеріне жаңа леп, сілкініс әкелді. Әртістің шынайы таланты, табиғи дарыны да осы "Шаншарда" ашылды. Ерекше қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында аз уақытта өзін мойындата білді. Талантты актер көпшіліктің көңілін жаулап алғаны соншалық, жұрт оны сомдаған кейіпкерлерінің атауымен – "Тука", "Қошан" деп атап кетті[left][/left]....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жақсылық Үшкемпіров Әмірәліұлы (1951 жылы 6 мамыр)

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көпен Әмірбек (1950 жылы 29 наурыз)

Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған. 1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, «Правда» баспасынан шыққан «Надейся и жди», «Крохотные звезды» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзіл-сықақтары жарияланды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық