Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Достық үні)

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда

Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.
Биыл да болды сансыз табыс мықты.
Космостық корабльдер көкке шықты....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Азғын)

Тәңірің сенің табынған
Бақыт пенен көк көйлек.
Жыртылар кезі кездессе.

Кетуің оңай өгей деп.
Ой салмаған бұл жолға
Аптығып жейтін нан салған.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Әнге айналған адам)

(Мұса Жәлел жайында)

Зар болып кең дүниемен тілдесуге,
Отырды ол соңғы түнек түрмесінде.
Біледі көп ұзамай үні өшерін,
Біледі табылмасын мүрдесі де.
Қу сүйек уыз тәні боршаланған,
Әлі жоқ қимылдауға шаршағаннан.
Дейді ол — тәнім тұтқын болғанымен,
Дұспан жоқ рухымды қоршап алған.
«Ұлы Отан, арқа тұттым ұраныңды,
Қолтықта арпалысқан ұланыңды!
Самалын туған жердің құй қаныма.
Тосайын ән-күйіңе құлағымды».
Сүйгендей оң көзінен ғашық жаны,
Шалқыды шабыттанған ақын жаны.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қызғалдақ)

Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,
Кім білді,
Бұл сырды!
Қызғалдақ жерде,
Күн көкте.
Жайды алақан
Не сұрады?
Неге сонша жалынды?
Дүние мәз,
Па, шіркін, жаз.
Күн жігіттей
Көзбен атты
Қызғалдақты.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Есімде)

Есімде, менің есімде,
Жаздың сұлу кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...

Есімде менің бүгіндей,
Даланын қызыл гүліңдей,
Алған демің білінбей,
Қарай бердің күлімдей.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Май дабылы)

I
Табыс, байлық жолымен келді майға
Отаным
Күн бе, ай ма,
СССР кетті зырлап.
Жер серігі, баллистік ракета, әлем көрді,
Мен оны жатпа жырлап,
Саналмайды атомдық бомбалардың
Жаңа түрі,
Тоқтаттым,
Бұзылмасын: мектеп үй,
Қырылмасын соғыстан
Адам ұлы,
Біздегі ұра
Бастағанмын
Компартия.
— Кәне сен,....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Өткен жазда)

Өткен жазда. қыз шахтермен танысты,
Сүйді қатты, шығарып сап, қыз қалды,
Сүйген жарын барлық жұрттан қызғанды,
Қимаса да кете алмады, ермеді.
Ақыл жеңді, жүрекке ерік бермеді.
Поезд кетті...
Арттан ұзақ қарады,
Алқынғандай тым жиі дем алады. ,
Қалшы, қал деп шақырғысы келеді,
Жаны өртте, жаспенен су себеді.
Жүрегімен доңғалақтар дүрсілі,
Бірге қақты, бір жүрісі, бір сыры.....
Өлеңдер
Толық